ҰБТ-ның жетінші күні 300 бітіруші өту баллын жинай алмады

ҰБТ-ның жетінші күні 300 бітіруші өту баллын жинай алмады

Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің жетінші күнінде, яғни сегізінші маусым күні 309 түлек ЖОО-на түсу межесі болған 50 баллды жинай алмаған, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық Тестілеу Орталығының жолдаған сандық ақпаратқа сүйенсек, жалпы 8 маусымға дейін ҰБТ-ге 87593 мектеп бітірушісі қатысқан. Оның ішінде бес пән бойынша 100 баллдан асқандар саны 13137-ге жетсе, 20236 оқушы өту деңгейінен (50 балл) өте алмаған.

Ең жоғары 125 баллды жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ, бұрынғыша 4 адам:

Әбдіжапар Айғаным Бақытқызы (№178 лицей, Алматы қ.);

Марат Әсия Жандосқызы (Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қ.);

Ахметжанова Шахзода Әнуарқызы (Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі, Шымкент қ.);

Ержанова Ұлпан Ержанқызы (Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы).

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ маусымның тоғызына дейін жалғасады.

сурет: ©massaget.kz

Ж. Өрісбай