ҰБТ-ның үшінші күнінде 6000-ға жуық түлек "құлады"

ҰБТ-ның үшінші күнінде 6000-ға жуық түлек "құлады"

ҰБТ-ның үшінші күнінде 5829 құлады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін айтылғандай, 2 және 4 маусым күндері тестілеуге 67602 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 47592, орыс тілінде – 20010 бітіруші болды.

Тестілеудің нәтижесі бойынша ең жоғары 125 балды жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ. Ол бітірушілер: Алматы қаласы №178 лицейінің түлегі Әбдіжапар Айғаным Бақытқызы және Алматы қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» МҚК-нің түлегі Марат Әсия Жандосқызы.

Үшінші күні тестілеу 69 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін апелляциядан кейін 125 балға қол жеткізген Алматы қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» МҚК-нің түлегі Марат Асия Жандосқызы Массагет тілшісіне орын алған түсініспеушілік туралы айтып берген болатын. Сұхбаттың видеонұсқасын мына жерден көре аласыздар.

сурет: ©massaget.kz

Н. Нұрмаханұлы