ҰБТ. Құжат тапсырғанда оқу орнын қалай таңдаймыз?

ҰБТ. Құжат тапсырғанда оқу орнын қалай таңдаймыз?

Егер құжатыңызды грантқа тапсырып жатқан болсаңыз, төрт ЖОО-ға, сонша түрлі мамандықты жаза аласыз. Грант конкурсы ЖОО-лар арасында емес, мамандықтарға сай ұйымдастырылатынын ұмытпаңыз. Ал төрт түрлі ЖОО-ның тұсына бір мамандықты жазатын болсаңыз, бір ғана грантты ұтып алуға қатысасыз. Сондықтан мүмкіндігінше негізгі пәніңізге сай бірнеше мамандықты таңдауға тырысыңыз.  

Егер ақылы бөлімге құжат тапсырсаңыз, Қазақстан Республикасында бір уақытта бірнеше мамандықты қатар оқуға болмайтынын біліңіз. Сіздің алдап жүргеніңізді білсе, дипломдарыңыз жарамсыз деп танылады. Сондықтан ең жақсы деген оқу орнын таңдап, құжатыңызды сол жерге тапсырғаныңыз дұрыс.

ЖОО-ға құжатыңызды аттестат пен сертификатыңызды алған соң тапсыра аласыз. Ал құжатты еліміздің кез келген оқу орнына өткізуге болады. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге құжат тапсыру үшін, еліміздің басқа қаласынан келудің қажеті жоқ. Әдетте құжат тапсыру мерзімі екі аптаға дейін созылады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:aktau.gov.kz

Қ. Бүйенбай