Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / ҰБТ. Мұғалімдердің "ҰБТ-ға барма" деп үгіттеуі дұрыс па?

ҰБТ. Мұғалімдердің "ҰБТ-ға барма" деп үгіттеуі дұрыс па?

ҰБТ. Мұғалімдердің

Орта буынды аяқтаған әрбір оқушының алдында «11 сыныпқа қаламын ба, әлде 9 сыныптан кейін колледжге түскенім дұрыс па?» деген сауал тұрады. Мектептегі мұғалімдер оқушы мен мектептің болашағын ойлап, колледжге түсуге үгіттейді. Тіпті, аттестат бағаларын жақсы етіп беруге уәде береді. Ал үйдегі кей ата-ана баласына жаңа достардың қалай әсер ететінін ойлағандықтан, қаражат мәселесінің жетіспеушілігінен 11 сыныпта оқып, ҰБТ тапсырғанын қалайды.

Оқушы колледжге түсетін болса, 3,5 жылдан кейін бәрібір де кешенді тестілеу тапсырады. Сондықтан 11 сыныпқа қалған дұрыс. Әрине бұл колледжге түсудің қажеті жоқ деген сөз емес.

Мектептегі мұғалімдердің оқушыларды 9 сыныптан кейін орта білімді колледждерге түсуіне үгіттейтін себептері бар.

Біріншісі - оқушының білімін ескеруі. Яғни оқушы мектептегі пәндерге қызықпағандықтан, оқымайды. Ал өзі қалаған колледжге барып, өзіне қажетті білім алуы мүмкін.

Екінші себеп - оқушының психологиялық жай-күйі. Бұл туралы осыған дейінгі материалдарымызда жазған болатынбыз. Ата-анасы жауапкершілікті шамадан тыс артқан бала ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырмаған жағдайда өзіне қол жұмсауы немесе психологиялық ауытқуға ұшырауы мүмкін.

Үшіншіден, мектептің беделі. ҰБТ-ның нәтижесі дайын болған кезде мектептердің рейтінгісі шығады. Яғни қай мектепте, қанша оқушы ҰБТ-ны жақсы тапсырғаны анықталады. Ал білімсіз, жалқау оқушы бұл рейтингке әсер ететіні анық.

Бір шетінен ұстаздардың үгіттегендері де дұрыс. Өйткені колледждің де пайдалы жақтары бар.

Біріншіден, арнайы орта білімді болып қана қоймай, ЖОО-ны бітірген кезде қолыңызда екі диплом болады. Және өзгелерге қарағанда біліміңіз артық болары сөзсіз. Екіншіден, колледжде таңдаған мамандығыңыз ұнамаса, ЖОО-ға барарда қалауыңызға сәйкесін таңдайсыз. Үшіншіден, колледжде жүріп, ЖОО-ның жүйесіне ерте икемделуге болады.

11 сыныптың артықшылықтары да жоқ емес.

Біріншіден, есте мәңгілік қалатын қоштасу кеші болады. Екіншіден, 2 жыл болсын демалып аласыз. Үшіншіден, ҰБТ-ның кешенді тестілеуден ешқандай да айырмашылығы жоқ.

Ұстазыңыз бен ата-анаңыз қандай кеңес берсе де, таңдау еркі өзіңізде. Болашақта өкініп қалмас үшін шешімді тек өзіңіз ғана қабылдаңыз. Мұнымен қатар дипломсыз да табысқа жеткен адамдар бар. Ең бастысы білім екенін ұмытпаңыз!

Автор: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Қарлыға Бүйенбай

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 22 сәуір 2014, 16:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.