Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / ҰБТ. Бөтен қалада өз-өзіңді жоғалтып алмау үшін не істеу керек?

ҰБТ. Бөтен қалада өз-өзіңді жоғалтып алмау үшін не істеу керек?

ҰБТ. Бөтен қалада өз-өзіңді жоғалтып алмау үшін не істеу керек?

Әр адам әртүрлі. Мектеп бітіріп оқуға келген "балмұздақтардың" түр-түрі болады. Бірі тек оқуға ғана көңіл бөліп, бар ынта-жігерін тек соған салады. Ондай студенттер көп жағдайда қыдыру, серуендеу, көңіл көтеріп қала аралау деген секілді нәрселерге уақыт өлтірмейді. Артық ақпаратты қабылдамайды. Бұлардың ісі тек сабақпен және сабақпен болады.

Тағы бір студенттер әр нәрсеге қызыққыш келеді. Жаңа қалаға келіп, бостандықты енді ғана сезініп жүрген студенттерге бәрі қызық болады. Барлығын да байқап көргісі келеді. Ондай студенттер сабағын да, басқа да нәрселерді де бірге алып жүруге тырысады. Әлбетте, сабақпен қатар келіп жататын ақпараттың жағымдысы да, жағымсызы да бар. Жақсы ақпараттарды сіңірер болсақ ештеңе емес, осы кезеңдерде көп студенттер зиянды орталарға түсіп қалып жатады. Бұл туралы бұрын да мыны жерде айтылған болатын. Бүгін осы тақырыпты тағы да тарқатып айтып көреміз.

Әлі студент болып көрмеген оқушы мұны түсінбеуі мүмкін. Бірақ әлі-ақ оқуға келіп, біз айтқан нәрселермен жолыққан кезде осы жазбаны есіңізге аларсыз.

ап

Алматы секілді алып шаһардағы әртүрлі топтар сіздің деніңізге, денсаулығыңызға емес, миыңызға, психологияңызға билік жүргізуге ұмтылады. Сондай топтардың бірі желілік маркетингтің өкілдері. Бұның не екенін білмесеңіз, есіңізге сақтап алыңыз – бұндай компаниялар сіздің сол фирмаға ақша төлеп тіркеліп, тағы да адам шақырып тіркеткендігіңізді қалайды. Осы мақсатта сізді әртүрлі семинарлар мен жиналыстарға шақырып, баурап алуға тырысады. Жиналыстардағы айтылатын басты әңгіме – ақша тауып, бай болу. Сізге түрлі бағалы заттардың суреттерін көрсетіп, еліттіреді. Бұл қатарға кірер болсаңыз, одан болып жатқан зиянды бірден байқамайсыз. Бірақ бірнеше аптадан кейін өзіңіздің ақша қуып кеткен жарымжан адамға айнала бастағаныңызды сезесіз. Бұл асқынар болса, жүрген жерінде ақшаны айтып жүретін, өмірінде ақшадан басқа мағына қалмаған дүниеқұмар адам болып шыға келесіз. Бұл орта сіздің адамшылық қасиеттеріңіздің дамуын тежеп қана қоймай, кері шегіндіруі де мүмкін.

Одан бөлек, түрлі дін өкілдері де аяғыңызды алып жүргісіз көп. Бұл орта да сіздің дамуыңызды тежейді. Байқасаңыз, елімізде дінге тым беріліп кеткен адамдардың ішінен өмірде жетістікке жетіп, қоғамның алды болып отырған адамдар аз. Көп жағдайда бұндай жандар ақылын қағазға жазылған заңға байлап беріп, өз өмірін қор етеді, еркін, азат ой дегеннен алыс болады.

па

Біз ең бірінші адамбыз. Содан соң қазақпыз. Ал дін дегеніміз өзіміз бала жастан мектептегі мұғалімдерімізден үйреніп жүрген қарапайым адамершілік принциптері. Сол принциптерді барынша сақтауға тырыссақ жеткілікті.

Сол себепті мектеп бітіргелі отырған түлектерге айтар соңғы кеңесіміз мынау. Дәл қазіргі – ешқандай ақпараттық шабуылға ұрынбаған санаңыз барында нені мақсат қылып, қайда ұмтылып жүрген болсаңыз, сол мақсатыңызды ешқашан бұзбаңыз. Үлкен өмір дегеннің де қызығы сол – сізді анда-мында сүйреп, басыңызды тау-тасқа соғуға тырысады. Бірақ сіз бекем болыңыз. Өз санаңызға ие болыңыз. Алтын басыңыз әркімнің қолшоқпары болып кетпесін деп тілек айтамыз.

Жолдаған: Есіркеп Айдын

сурет: vk.com, voxpopuli.kz

Қосылған күні: 10 сәуір 2014, 10:30
Тегтер: ұбт, студент, оқу,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.