Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / ҰБТ. Түркияда оқығыңыз келсе...

ҰБТ. Түркияда оқығыңыз келсе...

ҰБТ. Түркияда оқығыңыз келсе...

Шетелде оқуды арман ететін түлектердің қатары көп. Алайда өзге елде оқудың мүмкіндіктері турасында көп біле бермейміз. Бүгін біз Түркиядағы «Түркия бурслары» (Türkiye Bursları) бағдарламасы жайында сөз етеміз. 

Түркияның саяси және экономикалық саладағы тұрақты дамуы шетелдік студенттердің осы елді таңдауындағы маңызды бір фактор болып отыр. Елдің ішкі құрылымы мен білім жүйесінің жаңаланып, батыс стандарттары негізінде жетілуі нәтижесінде білім саласының маңызы арта түсті.

Ертеректе Түркияда шетелдік студенттерге арналған «Түркия Республикасының сынағы» бағдарламасы жұмыс істеді. Бұл бағдарлама Түркиядағы Ұлттық білім министрлігі жанынан құрылды.

Бағдарламаның аты 2012 жылдан бастап «Түркия бурслары» болып өзгертіліп, Шетелдегі Түркі тілдес халықтар министрлігінің қарамағына берілді.

Бұл бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттердің саны жыл сайын артып келеді.

Бағдарлама бағыттары:

1. Түркі тілдес елдер шәкіртақы бағдарламасы (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Түркия Республикасы).

2. Балқан шәкіртақы бағдарламасы (Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Хорватия, Черногория, Косова, Македония, Сербия, Словения, Грекия).

3. Қаратеңіз шәкіртақы бағдарламасы (Беларусь, Эстония, Грузия, Литва, Латвия, Молдавия, Румыния, Ресей, Словакия, Украина, Польша, Чехия, Армения, Венгрия).

4. Харран шәкіртақы бағдарламасы (Вангладеш, Палестина, Ирак, Иран, Ливия, Пәкістан, Сирия, Тәжікстан, Иордания, Йемен, Ауғанстан).

5. Түркия-Африка шәкіртақы бағдарламасы (Африканың 50-ден астам елі).

6. Бұғазіші шәкіртақы бағдарламасы (Орталық және Оңтүстік Америка, Азия мемлекеттері).

Мамандар саласы:

* Білім және технология

* Әлеуметтік білімдер 

* Медицина ғылымдары 

* Теология 

* Түрік тілі 

Талапкерлер төменде берілген Түркияның 15 қаласындағы 40 университеттің кез келгенін таңдай алады. «Түркия бурслары» бағдарламасы мен осы университеттер арасында арнайы келісімшарт жасалған.

  Университеттер Түрі Орналасқан қаласы
akdeniz-universitesi

 

Akdeniz Üniversitesi

 

Мемлекеттік         

 

   Анталия

anadolu-universitesi

 

Anadolu Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

   Eskişehir

ankara-universitesi

 

Ankara Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 Ankara

erzurum-ataturk-universitesi

 

Atatürk Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 Erzurum

atilim-universitesi

 

Atılım Üniversitesi

 

Жеке меншік 

 

 Ankara

baskent-universitesi

 

Başkent Üniversitesi

 

 

Жеке меншік

 

 

 Ankara

 bogazici-uni

 

Boğaziçi Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 İstanbul

cukurova-universitesi

 

Çukurova Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Adana

dokuz-eylul-universitesi

 

Dokuz Eylül Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 İzmir

ege-universitesi

 

Ege Üniversitesi

 

 

Мемлекеттік

 

 İzmir

erciyes-universitesi

 

Erciyes Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 Kayseri

eskisehir-osmangazi-universitesi

 

Eskişehir Osmangazi Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 Eskişehir

fatih-sultan-mehmet-universitesi

 

 

Fatih Sultan Mehmet Vakıf Üniversitesi

 

 

Жеке меншік

 

 

 İstanbul

galatasaray-universitesi

 

Galatasaray Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 İstanbul

gazi-universitesi

 

Gazi Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 Ankara

gaziantep-universitesi

 

Gaziantep Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 Gaziantep

gebze-yte

 

Gebze Yüksek Teknoloji Enstitüsü

 

Мемлекеттік

 

 Kocaeli

hacettepe-universitesi 

 

 

Hacettepe Üniversitesi

 

 

Мемлекеттік

 

 

Ankara

istanbul aydin universitesi sm 

 

İstanbul Aydın Üniversitesi

 

Жеке меншік

 

İstanbul

medeniyet-universitesi 

 

İstanbul Medeniyet

 

 

Мемлекеттік

 

İstanbul

istanbul-teknik-universitesi

 

İstanbul Teknik Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

İstanbul

istanbul-ticaret-universitesi

 

İstanbul Ticaret Üniversitesi

 

Жеке меншік

 

İstanbul

istanbul-universitesi

 

İstanbul Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

İstanbul

iyte

 

İzmir Yüksek Teknoloji Enstitüsü

 

Мемлекеттік

 

İzmir

 kadir has universitesi

 

Kadir Has Üniversitesi

 

Жеке меншік

 

İstanbul

karadeniz-teknik-universitesi

 

Karadeniz Teknik Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Trabzon

kocaeli-universitesi

 

Kocaeli Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Kocaeli

koc-universitesi

 

Koç Üniversitesi

 

Жеке меншік

 

İstanbul

necmettin-erbakan-universitesi

 

Konya Necmettin Erbakan Ünversitesi

 

Мемлекеттік      

 

Konya

marmara-universitesi

 

Marmara Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

İstanbul

mimarsinan-universitesi

 

Mimar Sinan Güzel Sanatlar Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

İstanbul

19-mayis-universitesi

 

Ondokuz Mayıs Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Samsun

odtu

 

Orta Doğu Teknik Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Ankara

sakarya-universitesi

 

Sakarya Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Sakarya

selcuk-universitesi

 

Selçuk Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Konya

trakya-universitesi

 

Trakya Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Edirne

uludag-universitesi

 

Uludağ Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

Bursa

yeditepe-universitesi

 

Yeditepe Üniversitesi

 

Жеке меншік

 

İstanbul

yildirim-beyazit-universitesi

 

Yıldırım Beyazıt Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

 Ankara

yildiz-teknik-universitesi

 

Yıldız Teknik Üniversitesi

 

Мемлекеттік

 

İstanbul

Түсу шарттары: 

Бұл бағдарлама Бакалавр, Магистратура, Докторантура және Зерттеу жұмыстарына түсуші талапкерлерге білім гранттарын береді. 

Бакалаврға 01.01.1993 жылдан кейін туылғандар қабылданады.

Магистратураға 01.01.1984 жылдан кейін туылғандар қабылданады.

Докторантураға 01.01.1979 жылдан кейін туылғандар қабылданады.

Зерттеу жұмыстарына 01.01.1969 жылдан кейін туылғандар қабылданады.

Бакалаврға түсуші талапкерлерге әр жылдың 01.05 - 30.05 (мамыр айының бірі мен отызы) аралығында онлайн тіркелу жүргізіліп, өтініштер қабылданады.

Магистратура, Докторантура академиялық дәрежесіндегі мамандықтарға әр жылдың 01.03 - 31.03 (наурыз айының бірі мен отыз бірі) аралығында онлайн тіркелу жүргізіліп, өтініштер қабылданады.

Кезеңдері:

1. Онлайн құжат тіркеу

Бірінші кезеңнен өту үшін Бакалаврға түсуші талапкерлерге аттестат бағасы, Магистратура мен Докторантураға тапсырушыларға диплом бағасы (GPA) керек.

* Мектеп бітірген түлектердің аттестаты мен ҰБТ-ден алған көрсеткіші орта есеппен 75%-дан жоғары болуға тиіс.

* Медицина мамандығына тапсырушы түлектердің (Бакалаврға) аттестат пен ҰБТ-дан алған көрсеткіш орта есеппен 90%-дан аз болмауға тиіс.

*  Магистратура мен Докторантураға тапсырушылардың диплом бағасы (GPA) 75%-дан жоғары болуға тиіс.

* Жеке жетістіктер

* Мінездеме

* Халықаралық сынақтар көрсеткіші (егер болса).

Талапкерлерге жалған мәлімет беруге қатаң түрде тыйым салынады. Екінші кезеңге өткен-өтпегені жөніндегі хабар электрондық мекенжайына жолданады.

Бакалаврға тапсырушылар ҰБТ көрсеткішін екінші кезеңге өткеннен кейін көрсетеді. 

2. Ауызша сынақ (әңгімелесу)

Екінші кезеңде талапкерлермен көзбе-көз сұхбат жасалады. Бұл жерде талапкердің білім деңгейі, ғылыми жұмыстары және жарияланған мақалалары қаралып, ойы, мақсаты, жеке көзқарасы, таным-түсінігі сараланады. 

Үстемдіктер: 

- Транспорттық шығындар (оқуға алғаш келу мен оқу бітіріп қайтқандағы ұшақ билеті) тегін.

- Шәкіртақы (Бакалавр - 550 TL, Магистратура - 800 TL, Доктарантура - 1100 TL).

- Тегін жатақхана.

- Екі мезгіл (таңғы және кешкі) тегін ас.

Қосымша мәліметтерді «Түркия бурслары» бағдарламасының жеке сайтынан (www.turkiyeburslari.gov.tr) алуға болады.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: turkiyeburslari.gov.tr, sungate.kz

39759 0
Рейтинг: +7

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 04 сәуір 2014, 17:06
Пікірлер
+0
04 сәуір 2014, 20:09

Түрік тілін білу міндетті ме екен?

+0
04 сәуір 2014, 23:38

Бәрін тастап шет елге оқуға кетсем бе екен? :arrow:

+0
05 сәуір 2014, 22:32

Оқуға түсу үшін міндетті түрде түрік тілін булу керек пе екен сол жөнінде мәлімет берсеңіздер екен

+0
08 қыркүйек 2014, 22:30

Кейбір университеттерге ағылшын тілін білу жеткілкті! Болмаса Foundationda сізге 1 жыл түрік тілін үйретеді!

+0
08 маусым 2015, 14:51

ол жақта грантпен түсуге болатын қандай университеттер бар?

+0
04 мамыр 2016, 19:18

Сонда сабақтар түрікше өтеді иә??? түрікше үйрену керек қой демек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...