Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / ҰБТ-ға шпаргалка алып кірген дұрыс па?

ҰБТ-ға шпаргалка алып кірген дұрыс па?

ҰБТ-ға шпаргалка алып кірген дұрыс па?

Осыдан екі жыл бұрын қазақстандық түлектің ҰБТ-ға 25 мың сұрақтың жауабы жазылған 11 метрлік шпаргалка алып кіргендігі туралы ақпарат тарады. Ол уақытта арамызда жаға ұстағандар мен екі езуі құлағына жеткендер де болды. Шындығына келгенде, бұл мәселеге біржақты қарауға болмайды деп ойлаймын. Себебі, шпаргалка – ең бірінші адамның еңбегімен жасалған "көмекші құрал".

Мұны неге айтып отырмын? Себебі, біз бүгін ҰБТ бұрышында "ҰБТ-ға шпаргалка алып кірген дұрыс па?" деген тақырыпты қозғамақшымыз. Сіз де ой қосыңыз...

Ұлттық бірыңғай тестілеу оқушының мектеп бітіргенде алатын бағасы ғана емес, жоғарғы оқу орнына түсуге берілетін мүмкіндік. Яғни, бұл жерде бір адамның болашағы анықталады. Сондықтан, ыңғайы келген жағдайда барлық қолда бар мүмкіндікті пайдалану дұрыс деп ойлаймын. Мейлі, ол шпаргалка болсын, мейлі басқа құрал болсын. Бұл – сенің қорғаның деген сөз емес, басты серігіңіз, басты қаруыңыз – білім ғана болу керек.

Шпаргалканың пайдалы тұстары

– Бірқатар адамдар ақпаратты жазу арқылы жақсы есте сақтайды. Яғни, шпаргалка ҰБТ тапсыру сәтінде бір пайдасын тигізсе, жазылу барысында да мидағы ақпаратты толықтыра алады. 

– ҰБТ-дағы негізгі пәндердің қатарында математика бар. Ал математиканың формулаға толы екендігін бәріміз жақсы білеміз. Ең білімді, ең үздік деген оқушының өзі формулаға келгенде "қақалып" қалып жатады. Формулалар жазылған шпаргалканың ешбір ағаттығы жоқ. Бесінші пәніңіз физика не болмаса химия болған жағдайда қалтаңызда формула жазылған шпаргалка болуы керек. ҰБТ тапсыру сәтінде бойыңызды қобалжу мен қорқыныш сезімдері билей бастайды, сондайда білгеніңізді ұмытып қалу қаупі бар.

– Кез келген оқушы шпаргалкаға білмейтін ақпараттарын іріктеп жазады. Рас қой? ҰБТ-ға арналған шпаргалкаңыз ерте жазылған жағдайда, бос уақыт туа қалғанда жазылғандарды жиі қайталауға тырысқан жөн. Ал қайталау – білімнің анасы.

– Шпаргалка өзіңіздің қолыңызбен, ізденіс арқылы жазылған болса, сіз ұялатын еш нәрсе жоқ. Есте сақтау қабілетіңіздің нашарлығы үшін өзіңізді де, өзгені де кінәлай алмайсыз. Алайда, соңғы жылдары ҰБТ бизнес көзіне айналып бара жатыр. Сұрақ жауаптары жазылған шпаргалканың түр-түрін сатып алуға болады. Мұндай, шпаргалканы пайдаланбас бұрын ойланғаныңыз абзал.

Шпаргалканың зиянды тұстары

– Елестетіңіз. ҰБТ өтіп жатыр. Ал сіздің қалтаңыз шпаргалкаға толы, психологиялық қысымның әсерінен қай қалтаға қандай шпаргалка тыққаныңызды ұмытып қалдыңыз. Оларды есіңізге түсіремін дегенше, осы күнге дейін дайындалған барлық білетініңізді ұмытып қалдыңыз. "Оны қалтамнан қалай шығарамын?" деп отырғанда, уақыт өтті де кетті. Кім ұтылды? Шпаргалканы пайдалану да – өнер. Оны аша алатыныңызға, дұрыс пайдалана алатыныңызға сенімді болғанда ғана тәуекелге баруға болады.

– Әдетте мектеп мұғалімдері дайындық тесттеріне шпаргалка пайдаланбай, тек таза біліммен жаздыруға тырысады, сондай кеңестер айтады. Әрине, бұл дұрыс. Бірақ дайындық тесттерінде шпаргалка пайдалануды үйренбесеңіз, қайда үйренесіз? Нағыз ҰБТ сәтінде оған мүмкіндігіңіз бар ма? Сол себепті, өзіңізді сынау, дайындау үшін барлық дайындық тестінде емес, бірнешеуінде шпаргалка пайдаланып үйрену қажет.

– Сіз ҰБТ нәтижесінде 100 ұпайдан аса көрсеткішке ие болдыңыз. Бұған әрине шпаргалкалардың қатысы бар. Ұпайдың қалай келгенін естен шығарып, қалаған оқу орныңызға түстіңіз. Енді қалай оқымақсыз? ЖОО-ның тәртібі, пәндері, жүйесі мектептегі бағдарламадан, ҰБТ сұрақтарынан әлдеқайда қиын. Оқып кете алатыныңызға сенімдісіз ба? Алғашқы курста барлық студент қанша ұпаймен түскеніңізді сұрайды, сонда біліміңіз ұпайыңызбен сәйкеспесе арыңызға сын болатынын да ұмытпаған жөн.

– Кезінде шпаргалкаға құдайындай сенетін сыныптастарым болды. Дайындық тесттерінде соның көмегімен 70-80 ұпайды да алып жүрді. "Ой, маған осы ұпай да жетеді, жақында бір танысымнан мықты шпаргалка сататын жерді естідім. Дайындалып қайтемін, соны сатып ала саламын" деген сөздерді де өз құлағыммен естідім. ҰБТ кезінде бірі шпаргалкамен ұсталса, басқалары керек сұрақтың жауабын таба алмаған. Нәтижесінде ол достарым өту ұпайынан да аса алмады, бүгінде қайда, не істеп жүргендері белгісіз...

Яғни, шпаргалкадан барлық сұрақтың жауабын табу мүмкін емес. Жүздің бес-алтауына жауап тапсаңыз да, бағым жанды дей беріңіз. Сөз соңында тағы да айтарым, шпаргалка деген – мүлде амал болмаған жағдайда ғана сенуге болатын жай ғана көмекші құрал, ал ең басты қорғаныңыз, қаруыңыз, сенеріңіз – Абай айтқан еңбек пен білім.

Алдағы уақытта шпаргалка түрлері мен оларды тиімді пайдалану жолдары туралы жазылатын болады

Автор: Айгерім Сматуллаева

Сурет: alashainasy.kz, mirfactov.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 сәуір 2014, 20:00
Пікірлер
+0
01 сәуір 2014, 20:12

Шпаргалка алып кірген дұрыс-ау, неге десеңіз, шпаргалка қолданатын мүмкіндік болса саныңызды соғып қаласыз. Ал шпаргалка қолдана алмаймын десеңіз, ондай өнеріңіз болмаса, тәуекелге бармаған жөн. Мен негізі маңдайға жазылған бақ деген нәрсеге сенемін. Қазір кім-кімнің де басына өз ұпайы жазылып тұр (биылғы түлектерге қатысты). Ол осыған дейінгі еткен еңбегімен, төккен терімен, адал ниетімен өлшенсе керек. Биыл сіңлім ҰБТ тапсырады. Қатты қобалжып жүрмін. Бұйырғанын көрерміз -)))

+0
02 сәуір 2014, 13:10

Алып кірген дұрыс, кейбір формулалар жаттағанға қиын әрі даталар көп болғанымен шатастырып аласың

+0
03 сәуір 2014, 10:53

Мен дұрыс, дұрыс, өте дұрыс деп айтатын едім... 9 сыныпта оқып жүрген кезімде әпкеммен жақсы оқушы шпаргалка пайдаланбайды деп сөз таластыратынмын, ал 11 сыныпта бар арманым грантқа түсу болғандықтан, жан-жақты дайындалуыма тура келді, өзіме қажет деген формулаларды жақсылап жазып алдым... көп пайдасы тиді... адам сасқалақтаған кезде есіндегінің барлығын ұмытып кетеді екен...

+0
03 сәуір 2014, 10:55

Және кейбір оқушылардың өзім секілді тік мінезділік танытып, мен өз күшіммен түскім келеді, шпаркалга деген не сұмдық дейтіндерді түсінбейтін болдым... бұл өмірде барлық мүмкіндіктерді пайдаланған жөн, тек өзімізге де, өзгелерге де зияны тимесе болғаны...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.