Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / ҰБТ. Әлем студенттері қалай білім алады?

ҰБТ. Әлем студенттері қалай білім алады?

ҰБТ. Әлем студенттері қалай білім алады?

Кез келген қазақстандық студент өзі оқитын Жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесін жақсы біледі. Ал сіз өзіңізбен қатар әлемнің келесі бір бұрышында білім алатын студенттердің білімге деген көзқарасын, оқу жүйесін бір сәт ойлап көрдіңіз бе? Бүгінгі жазба осы туралы...

Италия. Бұл елдегі жүйе студентке өзіне ыңғайлы кез келген уақытта академиялық демалыс алуға мүмкіндік береді. Яғни, кедергілер пайда бола қалған жағдайда оқуды тастамастан, демалыс алып, бәрі дұрысталғанда қайтадан жалғастыра аласыз. Бұл өте ыңғайлы. Дәл осыған ұқсас жүйе біздің елімізде де қалыптасқан. Мәселен, сіз өзге елде қыруар ақша табатын жұмыс таптыңыз. Кейбір елдің оқу орындары екі ғана нұсқаны ұсынады: жұмыстан бас тарту немесе оқуды біржола тастау. Ал Италия сынды елдер мұндайға жол бермейді. Бұл елде 50-60 жастағы студенттерге ешкім таңғалмайды. Демалыс бір рет беріледі. 

Дания. Данияда студенттер ешқайда асықпайды. Олар 20 жаста даттық жалпы білім беретін мектептердің бірінде білім алып жүреді. Тек 23-24 жасқа толғанда ғана ЖОО-ның бірін таңдайды. Біздің елде бұл жастағы адамдар 2-3 диплом алып үлгереді. Сондай-ақ, аталған елдің студенттеріне ешбір елде берілмеген мүмкіндік жасалған. Мәселен, философия факультетінде білім алып жүрген студент соңғы курстың бірінде қалаған оқу орнына ауыса алады. Студент мұнан кейінгі оқуын да тегін алады. Алайда, үшінші рет ауыстыруы ақылы түрде болады. 

АҚШ. АҚШ студенттері де, билігі де білімге бей-жай қарамайды. Әрбір ЖОО-ның қайталанбайтын тәртіптері, бағдарламасы, ережесі бар. Сонымен қатар, онда студенттердің салт-дәстүрлері мен мерекелеріне ерекше назар аударылады. Және көптеген ЖОО студенттерін тұрғын орнымен қамтамасыз етеді. Дегенмен, ең беделді деген орындар студенттен сирек кездесетін қабілеттерді талап етеді, яғни, басты ұран – "Өзіңді өзің жаса!" дегенге келеді. Студентке де барлық жағдай жасалған. Белгілі бір студент ғылыми жұмыспен айналысқысы келсе, университет барлық кітап пен материалдарды тауып береді.

Канада. Канадада студент болу біреулерге арман. Себебі, мұндағы ЖОО өздерінің абитуриенттері үшін күреседі. Ол былай: болашақ студент мектептен кейін өзінің мақсаттарына үйлесетін үш ЖОО-нын таңдайды. Өтініштерін береді. Егер, бұл үшеуіне студенттің баллы жетіп тұрса, олар студент болшағы үшін сайысқа түседі. Мәселен, бір университет жоғарғы стипендия беретіндіктерін айтады, екіншісі, бітіргеннен кейін жұмыспен қамтамасыз ететінін алға тартады. Таңдау студент еншісінде. Канадалық студенттер оқу үшін несие алғанды ұнатады. Мұның да ұтымды тұстары бар: біріншіден, үстеме пайыздар қосылмайды, екіншіден, қарыздың жарты бөлігі өтеліп кетуі мүмкін.

Германия. Немістер – сындарлы халық. Бұл елде уақыт өте жоғары бағаланады. Және жұмыссыздық жайлағандықтан, жұмыс берушілердің талабы өте қатал. Сол себепті, студенттер толыққанды жұмыс істеуді, зерттеу жүргізуді, жоғарғы білім алуды қалайды. Олардағы әрбір оқу жылы екіге: дәріс (теориялық) – 15-20 аптаға созылады, дәрістік емес (практикалыққа ұқсас) – студент өз бетімен білім алады. Дәл осы уақытта студенттер қыруар ақша табуға тырысады. Тапқан жұмыстарында қалу үшін барлық әрекетті жасайды. Жұмысқа берілген студент білім алуды да ұмытпақ емес, себебі, жұмыс берушінің жоғарғы білімді талап ететінін жақсы біледі. Мұнан басқа студент өзіне керекті пәндерді ғана таңдап оқи алады. 

Жалғасы бар...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com, duschanbe.diplo.de, finance.bigmir.net 

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 наурыз 2014, 19:07
Пікірлер
+0
24 сәуір 2014, 21:45

менін арманымгой шетелде оку))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.