Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / Қазақстанда Ұлттық Бірыңғай тестілеу басталды

Қазақстанда Ұлттық Бірыңғай тестілеу басталды

Қазақстанда Ұлттық Бірыңғай тестілеу басталды

Еліміздің барлық аймақтарында бүгін, яғни, 3 маусым күні Ұлттық Бірыңғай тестілеу басталды. 2013 жылы 11 сыныпты бітіріп жатқан түлектердің саны 143 мың болса, ҰБТ-ға қатысуға 99 560 мектеп бітіруші өтініш берген (2012 жылы – 117 333 түлек болған еді). Бұл мектеп бітірушілердің жалпы санының 72%-ын құрайды, оның ішінде 68315 қазақ тілінде, 31245 орыс тілінде екен.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы ҰБТ-ға мектеп бітірушілердің 78%-ы (121 мың адам) қатысқан еді.

2012-2013 оқу жылының есебі бойынша, «Алтын белгіге» үміткерлер саны 4678 түлек (2012 жылы – 5840 түлек болған) болып отыр.

Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасында өтіп жатқан тестілеуде болып қайтқан болатынбыз. Назарларыңызға тестілеудің сыртындағы көріністерден фоторепортажымызды ұсынамыз.

Ұлттық Бірыңғай тестілеу бірнеше жылдан бері мектеп оқушыларының ғана емес, оларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздардың да, олардан үкілі үміт күтіп отырған ата-ананың да таусылмас жырына айналды десек, артық айтқандық емес.

Алматы қаласындағы қолайсыз ауа-райына қарамастан, перзенттеріне тілекші болып келіп отырғандардың басым көпшілігі – ата-аналар.

Әженің ақ тілегі:

– Бүгін тестілеуге қатысып отырған алғашқы немерем еді, соған енді сонау алыс жерден тілеуін тілеп, уайымдап келіп отырмын. Балам аман-есен тапсырып шықса екен деп тілеймін. Баласының дайындығын қай ата-ана нашар деп айта алады дейсіңдер, барын салып дайындалды, сеніп отырмыз. Барлық оқушылар жақсы тапсырып шығады деп ойлаймын. Бұрын балаларымның барлығы да өздерінің білімдерімен оқуға түскен, солардың жолын берсін деймін. Бір қызым осы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген, қазір сабақ береді. Жалпы өзімнің бес балам бар, бесеуі де жоғары білім алды. Солардың жолын немереме берсін деп тұрмын. Бұйырғаны болар. Әже келесің ғой деп өтініш білдірген соң қолымнан ештеңе келмесе де, осында күтіп тұрмын, тек тілекшімін. Барлық балаларға жақсы жол тілеймін! Ата-анасының жолын беріп, аман-есен тапсырып шықсын.

Иә, солай ата-ана тілекші ғана. Бәрі де бауыр еті баласының биіктен көрінгендігін қалайды. Олардың қолынан келетіні – жанын шүберекке түйіп, күту ғана.

Ата-ана:

– Биылғы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қойылған талаптар мен ережелердің барлығы көңілімнен шықты. Білімі бар, оқыған оқушыға ештеңе қиын болмас. Барлығына тек сәт-сапар, ақ жол тілеймін. Балам физика пәнін таңдап отыр, қайда тапсыратынын, қай мамандықты таңдайтынын жол кесіп ештеңе айта алмаймын. Аман-есен шыққан соң, көре жатармыз...

Мұнда жиналған тілекші қауымның барлық алданышы – төрге қойылған үлкен экран. Бәрі де олардың көз алдында өтіп жатыр.

Сондай-ақ тестілеу сыртында қобалжып жүрген қауымның көпшілігін мектеп бітіруші түлектер құрайды. Екінші, үшінші, төртінші лекпен тапсырғалы отырған оқушылардың көңіл-күйлері түсіңкі және алдағы сынақтан күтер үміттері мол.

Олардың көпшілігі биология, физик пәндерін таңдаған. Бір жылдан бері үздіксіз дайындалып жүргендерін, өздері қалаған мамандық бойынша қазақстандық жоғарғы оқу орындарының біріне түскісі келетіндіктерін жасырмады. Түлектердің басым көпшілігінің арманы – Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атану.

Біз де өз тарапымыздан өмірдің ең алғашқы сынағына түскелі отырған барша түлектерге сәт-сапар тілейміз!

Дайындаған және суреттерді түсірген: Айгерім Сматуллаева

5050 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 03 маусым 2013, 16:18
Пікірлер
+0
03 маусым 2013, 16:27

Жауып жатқан жаңбыр біреудің қуанышы, біреудің мұңы шығар... Қуаныш көп болғай!

+0
03 маусым 2013, 16:31

Бір экран қойып қойыпты. Бір-екі ата-ана тұр соған мөлейіп, жаңбырға қарамай. Осының алдынан өтіп ем жаңа ғана.

+0
03 маусым 2013, 17:20

Бәріне сәттілік!

+0
03 маусым 2013, 18:48

Сәттілік!!!

+0
03 маусым 2013, 23:15

аумин,

+0
04 маусым 2013, 00:32

Танып жатырмын, танып... Мен де осы жерлерде жүрдім ғой қобалжып, алаңдап, дірілдеп, уайымдап...

+0
04 маусым 2013, 00:58

бізде ертең басталады ҰБТ.

+0
04 маусым 2013, 12:35

Түлектерге сәттілік тілеймін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...