Массагеттің әнұраны

Массагеттің әнұраны

Мінекей, көптен күткен мерейлі мерекеміз де келіп жетті. Тәуелсіздігімізбен ілесе келген Массагеттің 1 жылдығы құтты болсын! Мерекеге орай жазылған әнұранымызды қабыл алыңыздар!

Массагеттің әнұраны

Жаңалық жаршысындай, 

Қаралық қамшысындай, 

Даналық тамшысындай, Массагет!

Жас жүрек жалынындай,

 Тас түлек қарымындай, 

Ақ тілек ауылындай, Массагет!


Қайырмасы: 

Массагет, Массагет!

Батыр ғұн,

Қас сақ ек. 

Қазақтың рухы үшін, 

Түбі бір түркі үшін, 

Гүлдей бер, бүрлей бер, Массагет!!!


Өткеннің елесіндей, 

Бүгіннің белесіндей, 

Келешек кемесіндей, Массагет!

Ақылдың өресіндей, 

Батырдың жебесіндей, 

Арындап келесің бе, Массагет!!!

Қайырмасы.

Сурет: happy-giraffe.ru

М. Оңғарова