Жоғары оқу орындарының студенттері және Массагет.кз

Жоғары оқу орындарының студенттері және Массагет.кз

"Масагет.кз сайтына кіруіңіздің себебі неде?" Дәл осындай сауалдың төңірегінде университет студенттері ой бөлісті.

Сансызбаева Гүлсезім. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. 3-курс. 

Массагет сайты туралы айтар болсам, басқа сайттан таппаған мәліметтерімді іздеп табатын сайт дер ем. Маған әдебиет, мәдениет, білім бөлімдері қатты ұнайды. Және Массагет.кз сайтынан ең бірінші қарайтыным осындағы (аталған бөлімдер) жаңалықтар. Әдебиет бөлімі жақсы ақындар мен прозашыларды танытуда көп үлес қосуда. 

Массагет сайты жастардың бірінші сайтына айналсын!

Баймаганбетов Әзімхан. Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория, 3-курс студенті.

Massaget.kz сайтын қазіргі сайттардың ішіндегі алдыңғы қатарлысы деп айтсам болады. Сайт ішінде іздегеніңді табуға боларлық дүниелер көп кездеседі. Мен, көбінесе, Әлемтану мен Мәдениет бөлімін қараймын. Сонымен қатар, өзіміз өнерде оқып жүргендіктен "әдебиет пен өнер егіз" дегендей Әдебиет бөліміндегі поэзия мен прозаны көбірек оқуға тырысамын.  

Сайттың жазары көбейсін!

Амалова Айтолқын. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті. 1-курс.

Маған Массагет.кз сайты қатты ұнайды! Интернетті қосқан бетте ең бірінші Массагет.кз сайтына қараймын. Әсіресе, Психология бөлімі ең қатты ұнайтын бөлімдер қатарынан. Бір есептен, мамандығым педагогика мен психология болғандықтан сабаққа қатысты көп тақырыптар тауып отырамын. 

Әрдайым жақсы жаңалықтарымен қуанта беруіне тілектеспін!!!

Шерхан Нәлібаев. Алматы энергетика және байланыс университеті. 1-курс.

Қазіргі кезде әлемде, оның ішінде Қазақстанда көптеген сайт өз жұмысын жасайды. Солардың ішінде бірегейі ретінде Массагет сайтын айтар едім. Қолым қалт етіп босай қалса болды аталған сайтқа кіріп-шығу әдетке айналған. Мен ең басты қуантатыны, Массагет сайты өз оқырмандарын әлемде және елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтармен дер кезінде хабарландырып отырады. Өз басым "Техно" бөлімін ешқашан көзден таса қылған емеспін. Әсіресе, жапондықтар ойлап тауып жатқан технологиялар мені қатты қызықтырады. Массагетке осынысы үшін көп-көп рақмет айтқым келеді.

Массагет сайты еліміздегі ең іргелі сайттардың біріне айналсын!

Әбекенова Әйгерім. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 4-курс. 

Интернетті қосқан бетте Массагет.кз сайтының жаңалықтарын қарап шығамын. Тағы бір айта кетерлігі, google-ға кіріп кез келген сөзді жазсаңыз аталған сайт бірінші болып шығып тұрады. Бұрын орысша сайттардан іздейтін керегім қазақша сайтта тұрғанда қатты таңқалдым десем болады. 

Қазақ сайттарының ішінде осындай зор мүмкіндіктерімен халық ықыласына бөленіп жүрген сайттың болашақта да жақсы дүниелерімен қуантатынына сенемін!

Есімова Әсем. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 4-курс. 

Масагет.кз сайтын ашылған кезден бастап білемін. Тұрақты оқырманымын десем болады. Бұл сайттың өзгешелігі - көптеген сайттар бір нәрсені, яғни бір ғана обьектіні нысан етіп алса, бұл сайт керісінше көптеген нәрсенің басын құрауға тырысады.  Әсіресе, маған тамақтың нұсқаулығын бергені қатты ұнайды. Берілгені бойынша үйде пісіріп көремін. Сонымен қатар, ең алғашқы махаббат туралы, тағысын басқа тақырыптағы блогтағы жазбалар адамды тарта түседі. Еріксіз бәрін оқып шығып, замандастарымның сезіміне тәнті болып отырамын.

Массагет сайтын бір жасқа толғалы отырған мерекесімен құттықтай отырып жұрт көңілінен шығатын материалдар көбейе берсін демекпін!!!

Аслан Тілегенов. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 2-курс.

Әсiресе, "Әдебиет" бөлiмiне кіруге асығамын. Ол бөлiмдегi жас қаламгерлердiң жаңа  шығармаларымен танысуға болады. Әлемнiң соңғы жаңалықтарын бiлу үшiн "Әлемтануды" бір қарап отыратын кездерім бар. Жалпы айтқанда, Массагетте күні-түні отырсаң да іш пыстырмайды. Керісінше, блогтағы жазбаларға көңіл аудара отырып серпіліп кетесін. Кейде Массагет арқылы шабыт оянып, өлең жазып тастайтын кездерім болып тұрады.

Қазақ жастарына арналған Массагет ойын-сауық порталы дами берсін! Келіп жеткен туған күн құтты болсын!!!

Ержігіт Жанар. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. 1-курс.

Менің интернетті қосқан кезде ең бірінші қарайтыным Массагет.кз сайты. Мен Әлемтану бөліміне қатты қызығамын. Ондағы шартарап, жаһан тарауларынан көптеген тың мәліметтермен танысамын. Және басқа сайттардан ерекшелігі, сайттың дизайны адамды өзіне тартып тұрады. Нағыз қазақы нақыштағы сайт деп айта аламын.

Массагет.кз сайтының жазары көбейе берсін! Тағы да бір жасқа толған мерекесі құтты болсын!!!

суреттер: жеке мұрағаттардан

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига