Редакция таңдауы: Алғашқы кездесу (жігіт көзімен)

Редакция таңдауы: Алғашқы кездесу (жігіт көзімен)

Құрметті Массагет оқырмандары! Порталымыздың 1 жылдығына орай, қазірге дейін жазылған материалдардың ішіндегі ең үздік деген жазбаны таңдап беріп отырмақпыз. Массагет редакциясы "Алғашқы кездесу (жігіт көзімен)" атты материалды үздік деп танығандықтан, осы жазбаны назарларыңызға қайтадан ұсынады! 

Алғашқы кездесуде жігіт неге назар аударады?

Қандай жағдай болмасын, тым қатты боянбаңыз. Талғамсыз макияж жасап, «кемпірқосақ» болғанша, мүлдем боянбаған дұрыс. Қымбатты қыздар, құлақтарыңызға алтын сырға, ең жақсы макияж – сіздің шынайы келбетіңіз.

Алғашқы кездесуге қызға не киген жөн?

Егер қысқа етек киіп келсе, әрине жігіт онымен «ойнай бастайды», себебі азғыртып жатқан жігіт емес қой. Егер де джинсы немесе стильді шалбар киіп келсе, әңгіме-дүкен құрып, қызды «сындырудың» амал-тәсілдерін қарастыра бастайды. Егер кездесуге киіп келген етегі тобығына дейін болса, онымен жай ғана дос ретінде сөйлесуге тырысады.  Дегенмен, ең бастысы киген киімі оның нәзіктілігін айқындап тұруы керек. Бұл жағдайда бірінші ұпай қыздың қанжығасында.

Жігіттің  кездесу барысында естігісі келмейтін сандырақтары немесе қыздың алғашқы кездесуде өзін қалай ұстағаны дұрыс?

  • Жігітке қандай дүкен аралағаны жайлы, қандай иіс су сатып алғаны туралы немесе ол әлі танымайтын туысқандарымен кеше қандай пицца жегендері сияқты түкке тұрмайтын бос «қыздарский» сандырақ әңгімелер айтудың мүлдем қажеті жоқ. Керек десең, қыздың туысқандарымен жігіттің танысуға ниеті бар ма, жоқ па оны мүлдем қызықтырмайды да.
  • Жігіттің материалды жағдайы туралы, отбасының мүмкіншіліктері жайлы тергеу жасау қажет емес, себебі, мұндай қылықтар бірден жиеркеніштік тудырады. Ұсқынсыз болса да, байдың баласын өз торына түсірмек болғаны және жігітті тек сол жағдайына қарай таңдайтыны туралы ой қалыптасады.
  • Жаргон, сленг секілді жағымсыз сөздерді қолданбау.
  • Қымбат мейрамханаларға баруды меңзеудің қажеті жоқ. Жігіттің көңілінен шықсаң, өзі-ақ ұсыныс жасайды.
  • «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» дегендей аса мақтана берудің жөні жоқ.
  • Экс-жігітіңмен болған қарым-қатынас жайлы ешқашан әңгіме қозғама.
  • Егер сен эрудициялы адам болсаң, оны бірден көрсетудің қажеті жоқ. Жігіттер ақылды қыздардан қорқады.

Бірінші кездесуде жақсы әсер қалдыру үшін қыз не істеуі керек?

  • Сыпайы болу
  • Жақсы тәрбие алғанын көрсету
  • Өз болмысыңды көрсет, ешкімге еліктеудің қажеті жоқ.

Кездесуде не туралы әңгімелесуге болады?

Университет жайлы, болашақ мамандығы, жұмысы туралы, кино мен шоу-бизнестегі жаңалықтар жайлы сөз қозғауға болады.

Егер де қыз жігітке өте қатты ұнаса, жоғарыда айтылғанның барлығы бос сөз.

Дайындаған: Ғани Тұрғымбеков

Сурет: lady.ru

П.С: Құрметті Массагет оқырманы, сіз Массагетте жарияланған қай жазбаны үздік деп ойлайсыз? Қай материалды қызыға оқыдыңыз? Өз ойыңызды форумға қалдырыңыз! 

М. Оңғарова