Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Бізге 1 жыл! / Ғ. Тұрғымбеков: "Массагеттің әр оқырманының болашағы бар!"

Ғ. Тұрғымбеков: "Массагеттің әр оқырманының болашағы бар!"

Ғ. Тұрғымбеков:

Массагет порталының негізін қалаушылардың бірі, Массагеттің бұрынғы контент-менеджері Ғани Тұрғымбековтің лебізі. 

Сәлеметсіз бе, Ғани! Қалыңыз қалай? Сұхбатымызды бастамас бұрын Массагеттіктердің ыстық сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіз. Әңгімемізді Массагетке алғаш келуіңізден, порталдың құрылуынан, алғашқы қадамдарыңыздан бастасақ...

Сәлем! Жаман емес, шүкіршілік. Рақмет. Жалпы менің бұл саладағы қызметім Оn.kz-тен басталды. Ең алғашқы жұмыс күнім де әлі күнге дейін көз алдымда. 16 қазан еді. Бастықтың алдына бір рет кіріп шыққаннан-ақ жұмысқа қабылдандым. Бір айдан астам уақыт On.kz сайтында жүрдім де, кейіннен қазақ тіліндегі жаңа жобаны ашу туралы тапсырма берілді. Мен, Ғазиза, Қайыржан, Сәния, Мейіргүл бәріміз бөлініп шығып, жаңа порталдың контент-менеджері атандық. Массагет 16 желтоқсан күні, түнгі сағат 12:00 де ашылуы тиіс болатын. Сол күнді ешқашан ұмытпайтын шығармын. Қатты ауырып отырғанмын. Кетіп қалайын десем, тағы болмайды. Бастыққа дейін бәрі дәрі әкеліп жүгіріп жүріп, әйтеуір 12 болғанда мақсатымыз орындалып, "Массагет" деген сәби дүниеге келді.

Ол кезде сіз жауапты болған айдар қандай еді?

О бастан-ақ "Білім" айдары маған тапсырылды. Оның қаңқасын жасап шығу да міндетім еді. "Білесіз бе?", "Өнегелі өмір", "Тарих", "Мақала", "Реферат" сынды бөлімдерді сол кезде ойластырған болатынмын. "Білімде" біраз уақыт өзім жазып жүрдім, кейіннен жаныма Фараби келді. Қазірде "Білімнің" болашағы бар, оған жазылатын материалдар мен үшін өте жақын.

Massaget.kz порталының сіздің өміріңіздегі рөлі қандай? Бұл порталға сіз не бердіңіз я не алдыңыз?

Бердім? Жоқ, Массагетке ауыз толтырып айтарлықтай бір нәрсе бердім деп айта алмаймын. Алғаным көп болды. Айдарларға материал дайындау барысында өте көп жаңалықтармен таныстым. Әрбір материал жазғанда бір жаңа өмірге есік ашқадай болатынмын. Қазір Массагеттің әрбір оқырманының болашағы бар деп ойлаймын. Өйткені, мұндағы "Әлемтану", "Білім", "Техно", "Мәдениет" сынды айдарларда жарық көретін мәліметтер кез келгеннің танымын, өрісін кеңейтеді. Ал, "Бастаңғы" - жаңа заманның жастарына арналған айдар. Кез келген ортада қалай сөйлеу, қалай жүріп-тұру, қалай киіну, күлу... бәрін, бәрін ешкімнен сұрамай-ақ оқып алуға әбден болады.

Ғани, Massaget.kz порталында қызмет еткен кезіңізде есіңізде ерекше қалған қызықты оқиғаны айтып беріңізші. Жалпы, Massaget.kz дегенде бірден есіңізге түсетін сәттер бар ма?

(Аз уақыт ойланып отырып)... Дәл қазір ондай оқиға есіме түспей отыр. Уақыт деген зуылдап өте шықты ғой. Бір айтатыным, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының маңында өткен І-халықаралық "Алтай.kz-2012" жолсызда жүруге арналған көліктер фестиваліне барған сапарым. Он күн өзге ортада өмір сүру - өмірімдегі ерекше оқиғалардың бірі еді. Көп нәрсеге деген көзқарасым, пікірім өзгерді. Жаңа заманның тілшісі болу деген оңай шаруа емес екендігін түсініп, басқа мақсаттар пайда болды...

Қалай ойлайсыз, Massaget.kz порталының контент-менеджері қандай болуы керек?

Менің ойымша, қай салада қызмет істемесін, адам баласы өз ісіне тиянақты әрі үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Себебі, ешқандай жетістік оңайлықпен келмейді. Ізденіс, еңбек, жаңа идея, талпыныс керек! Еріншектікті серік еткендердің ұзаққа бармайтыны анық (күліп)...

Massaget.kz порталының болашағын қалай елестетесіз?

Massaget.kz өзінің дүниеге келген сәтінен бері алға қойған мақсаттарына сүрінбестен жетіп келеді. Бәрі де өздеріңіздің қолдарыңызда! Дәл осы қалыптан таймасаңыздар, бір жылдан кейін Массагет Қазақстанның "Ең үздік сайттарының" қатарынан көрінеді деп ойлаймын.

Бірнеше айдан бері оқырмандар сізді жоғалтып жүр. Қазір қайдасыз? Немен айналысып жүрсіз?

Менің әлі де студент екенімді ешкім ұмытпаған болар. Биыл 4-курста оқып жүрмін. Дәл қазір, денсаулығыма байланысты ешқандай қызметте жүргенім жоқ... 

Туған күнге деген тілегіңіз?

Massaget.kz көшірме болып кетпесе екен деген үлкен тілегім бар!

Сұхбаттасқан: Айгерім Сматуллаева

Сурет: жеке мұрағаттан

2326 15
Рейтинг: +9

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 желтоқсан 2012, 18:55
Пікірлер
+0
05 желтоқсан 2012, 16:59

Ғани бауырым, айтқан тілегңіе рахмет! сәттілік тілейміз!

+0
05 желтоқсан 2012, 17:01

Тезірек жазыл Ғани.

+0
05 желтоқсан 2012, 17:07

Еріншектікті серік еткендердің ұзаққа бармайтыны анық (мен де күлдім :D )...

+0
06 желтоқсан 2012, 09:30

:)

+0
05 желтоқсан 2012, 17:32

тілегің өте орында екен!

+0
05 желтоқсан 2012, 17:44

Дәл осы қалыптан таймасаңыздар, бір жылдан кейін Массагет Қазақстанның "Ең үздік сайттарының" қатарынан көрінеді деп ойлаймын. Мен де солай ойлаймын!

+0
05 желтоқсан 2012, 18:00

"Massaget.kz көшірме болып кетпесе екен деген үлкен тілегім бар!" қосыламын!

+0
05 желтоқсан 2012, 22:23

Массагеттің бір жаңалығын жібермей оқимын!

+0
05 желтоқсан 2012, 22:36

Көзін көрдік қой :) Қалжың! Біздің Массагетпен достасуымызға дәнекер болған жандардың бірі

+0
05 желтоқсан 2012, 23:02

сағынып кеттім ғой Ғаниды))

+0
06 желтоқсан 2012, 00:07

Өте жақсы сұхбат шығыпты. :) сөздеріңіз орынды

+0
06 желтоқсан 2012, 02:36

Бұл массагеттің бұрынғы ұжымы болды ғой. :?:

+0
06 желтоқсан 2012, 08:46

солай десе де болады Ғани Массагетті құруға ат салысқан, оның аяқтан туруына бір кісідей еңбек еткен контент-менеджерлердің бірі. Білім айдарынан Ғанидың талай қызық материалдарына қанық болған шығарсыздар)

+0
06 желтоқсан 2012, 09:32

Ғанидің өткен жылы тұмауратып отырғаны есімде. Көздері қып-қызыл, танауы бітеліп, тамағы шықпай қалып, әрең отырып еді. Мына сұхбатты оқып, сол күн көз алдыма келді. Сол күнді мен де ешқашан ұмытпаспын.

+0
06 желтоқсан 2012, 10:32

Ай, Ғани, Ғани... :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...