Адам жасының алтын дәуірі 60 жастан кейін басталады

Адам жасының алтын дәуірі 60 жастан кейін басталады
Фото: regionnews

Ғалымдар адамдардың эмоционалды және ақыл-ой қабілетінің шыңына 60 жастан кейін жететінін анықтады және ол 80 жасқа дейін жалғасады. Бұл деректер The New England Journal of Medleine журналында жарияланды.

Зерттеуге сәйкес, адамның психикасы бойынша ең өнімді кезең 50-80 жасқа дейін. 50 жасқа дейін адам дамиды екен.

Мұны келесі мысалдардан көруге болады:

– Нобель сыйлығының лауреаттарының орташа жасы - 62 жас;

– Әлемдегі ең ірі 100 компанияның президентінің орташа жасы - 63 жас;

– АҚШ-тағы ең үлкен 100 шіркеу пасторының орташа жасы - 71 жас.

Егер сіз 60, 70, 80 жаста болсаңыз, оны өміріңіздің алтын дәуірі деп санаңыз, - дейді ғалымдар.

АҚШ, Испания және Норвегия ғалымдары әлемнің 195 еліндегі қартаю жылдамдығын зерттеп талдаған. Бұл 1990 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңді қамтыған. Әлемдегі адамдардың орташа жасы 65 жас екені анықталды. Бәрінен бұрын Папуа-Жаңа Гвинеяда адамдар жылдам қартаяды. Бұл мемлекет қартаю жылдамдығы бойынша 195-ші орында. Бұл елде қартаю 45 жастан басталады. Екінші орында – Ауғанстан 51 жас, Вануату Республикасында – 52 жас. Францияда, Сингапурда, Жапонияда және Швейцарияда қартаю 76 жастан басталады.

Қазақстан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы бойынша әлем елдерінің ішінде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,23 жасты құрайды.

Әлем бойынша Гонконг тұрғындары ең ұзақ өмір сүреді. Олардың өмір сүру ұзақтығы – 84,63 жас. Үздік үштікке Жапония, Макао сынды Азия елдері жайғасқан. Ал төртінші орында тұрғындары орта есеппен 83,56 жыл өмір сүретін Швейцария тұр, одан кейінгі орынға Сингапур (орта есеппен 83,39 жас) орналасқан.

"Адам ағзасының ресурстары біз ойлағаннан да көп" дейді ғалымдар. Мысалы, Гиннестің рекордтар кітабына енген Жанна Кальман 120 жыл, ал жапон Дзироэмон Кимуро 116 жыл өмір сүрген.

Тұрақты қозғалыс, әл-ауқат, ақыл-ой және физикалық жұмыстың ырғағы, дұрыс тамақтану, темекі шекпеу, алкогольді ішімдік ішпеу, есірткіден бас тарту - ұзақ әрі салауатты өмір салтының негізі.  Соның арқасында адам қартайған шақтың қуанышын сезінеді.

Кимани Маруге

Мысалы, кениялық Кимани Маруге 84 жасында бірінші сыныпқа барды. Ол өзінің кедейлігінен бала кезінен оқи алмағанын айтады. Роберт Кронин 72 жасында университетті аяқтаған;

– Америкалық Джеймс Уоррен өмір бойы аспан мен ұшақтарға ғашық болып өткен 87 жасында Уоррен мақсатына жетіп, ұшқыш атанды. Оның алғашқы жолаушысы 90 жастағы миссис Уоррен болды;

– Альпинист Юкиро Миура 80-ге келген жасына қарамастан Эверестке шыққан;

Минору Сайто

– Жапониялық Минору Сайто кіші кемеге мініп алып әлемді 8 рет айналып шыққан. Бұл кезде ол 77 жаста болатын;

– Марафоншы Клифф Янг әйгілі Сидней-Мельбурнсупер марафонында 61 жасында жеңіске жетті. Бұл марафонның қашықтығы – 875 шақырым. Клифф жеңіске жетіп қана қоймай, әлем рекордын жаңартты.

Т. Раушанұлы