Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 9 мамыр – 2019 / Ұлы Отан соғысы туралы фильмдер

Ұлы Отан соғысы туралы фильмдер

Ұлы Отан соғысы туралы фильмдер

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың шеккен азабын, қайсар рухты сарбаздарымыздың ерлігін, елі үшін отқа түскен қаһармандарымыз жайлы ардагерлеріміздің аузынан естіп, көгілдір экрандағы туындылар көретін едік. 9 мамыр күнінен орай Ұлы Отан соғысы жылдарын баяндайтын фильмдерді назарларыңызға ұсынамыз.

"Анаға апарар жол"

"Анаға апарар жол" картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді.

"Мергендер"

Фильм кеңес одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың соғысқа өз қалаумен сұранып, әскердің алдыңғы шебінде болғанын, Ленинградты азат ету ұрысында ерлікпен қаза тапқанын суреттейді. Бұл фильмді қырғыз режисері Болотбек Шәмшиев 1985 жылы түсірген. Бұдан басқа, Әлия Молдағұлованың өмірі жайлы Мансұр Сағатовтың "Әлия" атты деректі фильмі бар. Фильмде Әлия образын Айтұрған Темірова сомдаған.

"Қасым"

Тағы бір керемет туынды "Қасым" деп аталады. 4 бөлімнен тұратын телевизиялық фильм қазақ партизаны Қасым Қайсенов туралы. Сюжетте майдан шебіне барлаушы Қайсенов диверсанттар тобын басқарып барады. Бірақ оның барлық сарбаздары сатқындықтың кесірінен фашистердің қолынан опат болады. Жау шебінде жалғыз қалған Қасым өзіне берілген тапсырманы орындап, жаудың қару-жарақ қоймасын жоюы керек. Соғыс уақытындағы сатқындық пен күдікке, қорқынышқа қарамай жергілікті халық Қасымға көмекке келеді. Фильм 2013 жылы шықты. Режисері Леонид Белозорович.

"Мәншүк туралы дастан"

"Мәншүк туралы дастан" фильмі соғыстан қатты зардап шеккен Белорусь жерінде түсірілді. Бұл 20 жаста қиылған жауқазын өмір, Кеңес Одағының батыры атанған қазақ қызы Мәншүк Мәметова жайындағы фильм. Фильм 1980 жылы түсірілді. Оның сценарийін Андрей Михалков-Кончаловский жазды. Кинода басты рөлдердің бірі - Мәншүк рөлін Арынбасарова Наталья Өтеуліқызы сомдайды. Фильмнің режисері Мәжит Бегалин.

"28 панфиловшылар"

Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған.

Фильм Кеңестік әскери кинопевестердің эститикасын ұстана отырып түсірілген. Бұл туынды рухы биік қарапайым әскерге арналған ескерткіштей. Фильмнің көркемдік формасы В.Высоцкийдің әндерімен әуендес, С.Гудзенконың өлеңдеріне жақын, сондай-ақ П.Кривоноговтың суреттері мен Е.Вучетичтің статуяларына ұқсас келеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: vscc.ac.r
Қосылған күні: 08 мамыр, 17:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.