Сол көктем камера көзімен

Сол көктем камера көзімен
Фото: vk.com

2017 жылға аяқ басар тұста Time журналы адамзат тарихындағы ең маңызды әрі үздік 100 фотосуретті анықтаған болатын. Бір ғасырлық тарихы бар танымал журнал ұжымы бұл жобаны жүзеге асыру үшін 3 жыл уақытын арнаған екен.

Сол үздік 100 сурет ішіне биыл 72 жылдығы тойланғалы отырған II Дүниежүзілік Соғыс кезіндегі фотосуреттің енбеуі мүмкін емес еді. Ендеше, сол көктемнен сыр шертетін фотодерекке назар аударыңыз.

«Мен бұл сәтті 1400 күн күттім», - дейді совет фотографы Евгений Халдей. Әлемге танымал суретті әскери корреспондент 1945 жылдың 2 мамыры күні түсірді. Ол кезде Берлин толықтай совет әскерінің қарауында болатын. Халдей жолында кездескен солдаттардан суретке түсіруге көмектесуін өтінген. Суретте көрсетілген жеңіс туын Халдей өзімен бірге үйіне алып келген-ді. 

А. Оралқызы