Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Сіздерді тарихымыздағы айтулы күн, ұлы мереке – 9 мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел басына күн туған сол бір қаһарлы соғыс жылдары Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы да айрықша құрметке ие, ал қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз!

Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің асқан ерліктері мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын бейнесі.

Бейбіт өмірді әкелген ардагерлеріміз әрқашан аман болғай!