Жеңіс күніне арналған үздік әндер

Жеңіс күніне арналған үздік әндер
Фото: nadasuge.ru

Талайды жалмаған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 71 жыл. Ұлы Жеңіс күні – аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамның есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.  Сондықтан Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қала бермек. Назарларыңызға алдағы жеңіс күніне арналған 10 әнді ұсынамыз.

Роза Рымбаева – Әлия 
Сөзі: Бәкір Тәжібаев 

Әні: Сейдолла Бәйтереков

Маржан Арапбаева – Ана туралы баллада 
Сөзі: Жүсін Сейілов 
Әні: Аманжол Шамкенов

Құрмаш Маханов – Катюша 
Сөзі: М.Исаковский 
Әні: М.Блантер

АБК тобы – Ескерткіш 
Сөзі: О.Бекназаров 
Әні: О.Оралбаев

Дәлел Уаш – Жас Қазақ 
Сөзі: Рамазан Елебаев 
Әні: Ғабиден Мұстафин

Зара Есенаман – Соғыстың соңғы көктемі 
Сөзі: Б.Бекжанов 
Әні: Ә.Тінәлі

Тарлан тобы – Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген 
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов 
Әні: Шәмші Қалдаяқов

Тамара Асар – Бейбітшілік сақталады 
Сөзі: Нұтфолла Шәкенов 
Әні: Әбілахат Еспаев

Дереккөз: juldyz-alem.kz

Н. Үсенова