Отан қорғаушылар күніне арналған ең мықты құттықтау (видео)

Отан қорғаушылар күніне арналған ең мықты құттықтау (видео)
Фото: youtube

7 мамыр, Отан қорғаушылар күніне орай бала-бақша тәрбиеленушілері ер азаматтарды ерекше жолмен құттықтады. Балалар видеода Отан алдындағы борыштарын өткізген кейіпте шығады. Олар әскери адамдардың күнделікті жасайтын істерін қайталап, солдат болудың оңай еместігін айқын байқатады. Видеоның соңында балалар жақындарынан хат алып, барша ер азаматты Отан қорғашылар күнімен құттықтайды.

С. Ерсін