Еріктілер ардагерге көмектесті

Еріктілер ардагерге көмектесті
Фото: баспасөз қызметі

Ұлы Отан Соғысы ардагері Колесников Александр Егорович және еңбек майданының қатысушы Мухортова Людмила Фёдоровна «Алматы – Resort» клиникалық шипажайына 10 күн ем қабылдауға орналасты.

Ұлы Отан Соғыс жеңісінің 70 жылдығына орай «Алматы – Resort» клиникалық шипажайы және «Болашақ» қауымдастығының Алматы қаласы бойынша филиалы "9М" жобасы аясында Алматыда тұратын ардагерлерге медициналық емдеуге жолдама салтанатты түрде табыс етілді.

"9М" жобасы - «Болашақ» бағдарламасының түлектері және стипендиаттар қауымдастығының Алматы қалалық филиалының бірлескен бастамасымен 2012 жылы құрылған және жастардың назарын Ұлы Отан Соғыс ардагерлер ерліктерінің маңыздылығын түсіндіруге, сонымен қатар олардың күнделікті өмірде бетпе бет келетін қажеттіліктеріне бағытталған. Жыл сайын жоба аясында мұқтаж және жалғызбасты соғыс ардагерлері мен тыл еңбек ерлеріне материалдық, физикалық және медициналық көмек көрсетіледі. Әрдайым "9М" жобасын стипендиаттар мен жастар қатарынан демеушілер қолдайды.

Бұл жылы осы бастаманы, балалар үйі тәрбиеленушілері мен ардагерлерге қолдау көрсетуге бағытталған әртүрлі қайырымдылық шараларға қатысып жүрген "Алматы – Resort" санаторийі қолдады.

Қ. Бүйенбай