Жауынгерлер: Сегізов Әбдусәмет, Сейдалин Ғалиақбар

Жауынгерлер: Сегізов Әбдусәмет, Сейдалин Ғалиақбар
Фото: voxpopuli.kz

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Сегізов Әбдусәмет 1920 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жусалы ауылында туған. 1940 жылы 1 қазанда әскерге шақырылады. 1942 жылдан 1945 жылға дейін Белорус майданына қатысады. 1943 жылы Польшада жараланады. 1945 жылы Германияда жеңісті қарсы алады. 1945 жылдың тамыз айынан қырүкйек айына дейін Жапониядағы жауынгерлік іске қатысады.

Сейдалин Ғалиақбар Жансұлтанұлы 1905 жылы Қостанайда туған. 1943 жылы мамырда Қызыл әскер қатарына шақырылады. Қызылармияшы шенімен соғысқа аттанды.

1-ші Қызылбелгі танктік корпусында 108-ші минометтік полк, 2-ші батареяда телефонист қызметін атқарды. Ресей Федерациясы қорғаныс Министрлігі орталық мұрағатында Ғалиақбар Сейдалин жөнінде былай жазылған: «1944 жылы 19 тамызда соғыс кезінде Кужи ауданында (Белоруссия, Гроднен облысы) 6 олқылықты жойды. Жетіншісін жоярда басынан жарақат алды. Батарея дәрімен атылатын үш шайқасты өткізіп, 4 пулеметті құртты. Қарсылас офицері мен 200 жауынгердің көзін жойды».

Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ҰОС үшінші дәрежелі орденімен марапатталды.

@. @assel_assanova