Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 9 мамыр 2015 / Қазақстан жұртшылығы Кеңес Одағының батыры Иван Косенковпен қоштасты

Қазақстан жұртшылығы Кеңес Одағының батыры Иван Косенковпен қоштасты

Қазақстан жұртшылығы Кеңес Одағының  батыры Иван Косенковпен қоштасты

Бүгін Алматы облысы Үштөбе қаласында республикадағы соңғы Кеңес Одағының батыры, Ленин, «Алтын Жұлдыз» медальдарының иегері Иван Васильевич Косенковты жерлеу рәсімі өтті. Ол 92 жасында көз жұмды.

Майдангер батырды соңғы сапарға шығарып салуға облыс әкімі А. Баталов, өңір басшылығы, қоғам қайраткерлері, соғыс, еңбек ардагерлері мен қалалықтар жиналды.

Иван Васильевич Косенков ұзақ уақыттан бері Алматы облысындағы жалғыз Кеңес Одағының батыры болған. Қаратал ауданы Үштөбе қаласында тұрған.

Батыр 1923 жылы туған. Әкесінен ерте айырылған 16 жастағы жас жігіт колхозда еңбек етіп, отбасын асырайды. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақыртылды.

Днепр өзенін кесіп өткен кездегі көрсеткен ерлігі оның даңқын шығарды. Сол жолы артиллериялық есепте екі адам ғана қалады, олар - Иван Косенков пен оның жолдасы  Михаил Голяков. Екеуі бір апта бойы снарядпен үш танкіні, машинаны, бронетранспортерді жойып, жаумен кескілескен айқас жүргізді. Кейін Запорожьеде де осындай айқаста ерлік көрсетті.

1944 жылғы 22 ақпанда оның дивизиясына КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы оқылды: оған Днепрді кесіп өту кезінде неміс-фашистік басқыншылармен  айқаста ерлік көрсеткені үшін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Дереккөз:inform

Фото: inform
Қосылған күні: 20 қыркүйек 2015, 16:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.