Жауынгерлер: Омаров Махмет, Рақымжанов Харис, Сариев Ибраш

Жауынгерлер: Омаров Махмет, Рақымжанов Харис, Сариев Ибраш
Фото: mikportal.org

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Омаров Махмет Ысқақұлы 1907 жылы туған. Қарағанды облысы, Нұра ауданында туған. 1942 жылы соғысқа шақырылды. Горький атындағы танктік училищенің қысқа мерзімді курсын аяқтады.

1943 жылы атқыштар взводы, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болды. 1944 жылдың 12 тамызында дене жарақатын алды. 1944 жылдың қазан айында хабарсыз жоғалып кетті.

Алфавиттік кітапта 54-ші бөлім полкі офицерлік құрамда кіші лейтенант болғаны, Балтық теңізі жағалауында 1944 жылы 6 шілдеде өмірден озғаны жазылған.

Рақымжанов Харис Гарифұлы 1923 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданында туған. 1941 жылы 22 ақпанда әскерге алынды. Балтық майданының 2-ші құрамы, 43-ші әскер, 90-шы атқыштар корпусында шайқасты. Рота командирі, капитан. 1944 жылы 25 шілдеде Латвия аумағында қаза болып, сол жерге жерленді.

Сариев Ибраш (1 мамыр 1924 – 14 мамыр 2004) – Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан 1942 жылдың аяғында әскерге алынды. Осы кезеңнен соғыс аяқталғанға дейін кеңестік-германдық соғыста болды. Германияны талқандап, жеңіске қол жеткеннен кейін, Байкал майдангерлері құрамында Маньчжурияда шайқасты. Мукден мен Порт-Артурды азат етті. 1948 жылы соғыстан оралды.


@. @assel_assanova