Ардагер Қожаев Ізім

Ардагер Қожаев Ізім
Фото: en.wikipedia.org

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Қожаев Ізім 1917 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Поляк тойтарысына қатысқан, ҰОС ардагері. 1942 жылы соғыста жоғалып кеткен. 281-ші украиндық атқыштар полкінің шабуылшысы болған. Соғыс кезінде тұтқынға түскен. Қамаудан қашып, поляк жасағына қосылған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада екі әскер болған – Людов әскері, Крайов әскері. Бұл еріктілерден құралған әскери құрама жөнінде қазақтар Польшаға барғанда білді.

Іссапар барысында Польша мемлекеттік архивінен орыс тілінде «Краткий отчет группы партизанского отряда «Свабода» за действие в тылу немцев в 1944 году» деген құжат табылды. Материалға Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, көп танылмаған елдер енген. Алғашында ол орыстың тұтқынға түскен кеңестік жауынгерлерінен құралған. 1944 жылы мамырда Людов әскерімен байланыса отырып, алғашқы санына Тимошев орманынан қамаудан қашып шыққан 13 адам кірген. Уақыт өте келе жасақ қатары әр түрлі ұлт өкілдерімен толықты.

Жасақтар бірлестігі екі бригадаға бөлінді: 10-шы «Победа» және 11-ші «Свобода». Екі бригада да «Поляк жұмысшылар партиясына» бойсұнды. Оларды комиссар В.Маркитенко басқарды. Комиссардың берген есебі бойынша отандастарымыздың аты-жөні, туған жылы, атамекені жөнінде тізім құрған. Олардың ішіндегі 20 қазақ жауынгері елдің түкпір-түкпірінен жиналған. Штаб бригадирі ұсынған құжат тізімінде «Хужаев Изим, 1917 года рождения, г. Алма-Ата» деп жазылған.

Соғыс кезінде Қожаев Ізім екі рет жарақаттанған. 1946 жылдың шілдесінде үйге оралған. ҰОС екінші дәрежелі орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. «Ерлігі үшін» марапатында Ізім Қожаев екі немісті өлтіріп, төртеуін тұтқанға алып, тағы да басқа ұлы қаһармандықтар көрсеткені жазылған.

Соғыстан кейінгі бүкіл өмірінде Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылында шопан болған. Жары Айғанаш екеуі жеті бала өсірген, немере-шөбере сүйген. Ардагер 1995 жылы 30 желтоқсанда өмірден озды.

@. @assel_assanova