ҰОС жауынгерлері жайында: Бұқашев Абан, Боранов Қорған

ҰОС жауынгерлері жайында: Бұқашев Абан, Боранов Қорған
Фото: topwar.ru

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Бұқашев Абан. Мен өзімнің өгей әкем туралы айтқым келеді.  Ол өте жақсы адам болды. Аты-жөні Бұқашев Абан Бұқашұлы. Өкінішке орай, ол өмірден ерте озды. 1977 жылы 55 жасына жетпей кетіп қалды. Гурьев облысында туды. Жиырма жасында байланысшы болып майданға алынды. Бала кезімде маған соғыс туралы айтатын. Шынымды айтсам, анық не айтқаны есімде қалмапты. Ол маған әкемнің орнын жоқтатпай, әке орнына әке бола білді. Осындай жақсы адамның Отаны үшін жан аяспай шайқасқан жауынгер ретінде ел есінде қалғанын қалаймын.

Лариса Кан

 

Менің атам – Боранов Қорған Боранұлы (1925-2004). Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласының тумасы, екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедегі, философия ғылымдарының докторы, профессор. Өзбекстан Республикасы ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері. Ташкент жоғары апртиялық метебінде қырық жылдан астам уақыт дәріс берді.

1943 жылы 12 ақпанда 18 жасар жігіт шағында Шымкент қаласынан майданға шақырылды. Әуе-десанты әскерінде қызмет етті. Ұшақтан ПД-6 парашютімен он шақты мәрте секірді.

Одан кейін 2-ші гвардиялық бригаданың минометті ротасына ауысты. 104-ші атқыштар дивизиясы, 332-ші атқыштар полкі, 9-шы гвардиялық армия қатарында Украинаны қорғауға қатысады. Көптеген жерде шайқасты.

Өзінің ерліктері жөнінде атам көп айта бермейтін. Құрметпен еске алып қатарлас жауынгерлерін (Гулиенков, Логинов, Бугай, Лисовский, Бухаров,Семин, Афонин, Кравченко, Пономарев, Сотиболдиев, Дроздов, Кононенко, Окунев...) жиі айтатын. Олар қанша қиын жағдай болса да, операцияны шебер орындап, жауға қаймықпай қарсы шапқан.  Соның ішінде минометшілердің жұмысы ең ауыр болған. Басқалардан тезірек қимылдап, 50-60 килограмдық миномет техникасын бір жерден екінші жерге көшіру кім-кімге де оңайға соқпасы анық.

Екі рет ауыр жарақат алып, Мукачево, Будапешт қалаларында емдеу орнында болады. Көрсеткен қаһармандығы мен жаужүректігі үшін ҰОС-тың бірінші, үшінші дәрежелі ордендерімен марапатталады.

Дильшод Буранов

@. @assel_assanova