«Қыз Жібектің» әкесі де соғысқа қатысқан

«Қыз Жібектің» әкесі де соғысқа қатысқан
Фото: jakoblog.kz

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Өтекешев Қаратай Аспанбетұлы (1915-1997) Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Мұратсай ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Г.К.Жуковтың басқаруымен Халхин-Голде танктік шайқасқа қатысты. Соғыстан бұрын 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шілік ауылында аудандық комитет партиясының нұсқаушысы қызметін атқарды. 1941 жылдың күзінде ағасы Өтекешев Қарасаймен бірге ерікті түрде соғысқа аттанды. Солтүстік-Батыс шебінде танктік әскерде шайқасты. Германия қалаларының бірінде коммендант болып, Берлинге аттанды.

Соғыс аяқталған соң үйіне капитан атағын арқалап оралды. Екі рет «Қызыл Жұлдыз» орденіне және көптеген медальдарға ие болды.

Оның қызы атақты «Қыз Жібек» фильмінің басты рөлінде ойнаған Меруерт Өтекешева – Қазақстан театр және кино өнерінің әртісі ретінде танымал. 

@. @assel_assanova