Соғыс туралы фильмдер (видеоблог)

Соғыс туралы фильмдер (видеоблог)

Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы жайлы фильмге тоқталайық. Анығында бұл төрт бірдей хикаядан тұратын телефильм. Хабар агенттігі мен Sataifilm компаниясы ұсынған телефильм 2013 жылы шыққан болатын. Ақан Сатаев оқиғалардың негізгі желісін Александр Бектің «Волоколамское шоссе» (Арпалыс) повесі бойынша түсірген. Хикая 1941 жылдың шілде айында әскери коммисариатта қызмет етіп жүрген аға лейтенант Бауыржан Момышұлының әскерге сұрануынан басталады. Сол кезде Алматыға аты аңызға айналған генерал-майор Панфилов келеді. Бауыржанмен жақын танысып-біліскен Панфилов өзінің батальондарының бірін сеніп тапсырады. Көп ұзамай-ақ дивизия майданға аттанады. Фильмде басты рөлді Еркебұлан Дайыров сомдайды.

Ескерте кетейін, 1967 жылы дәл осы Александр Бектің «Арпалыс» атты повесінің желісінде Мәжитовтың режисерлігімен "Москва үшін шайқас" көркемфильмі түсірілген болатын. Ал бұл фильмнің Орталық азия және Қазақстан кинемотографистерінің байқауында үздік болғанын да біле жүргеніміз абзал.  

Соғыс туралы тағы да бір фильм «Мергендер» деп аталады. Фильм кеңес одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың соғысқа өз қалаумен сұранып, әскердің алдыңғы шебінде болғанын, Ленинградты азат ету ұрысында ерлікпен қаза тапқанын суреттейді. Бұл фильмді қырғыз режисері Болотбек Шәмшиев 1985 жылы түсірген. Бұдан басқа, Әлия Молдағұлованың өмірі жайлы Мансұр Сағатовтың «Әлия» атты деректі фильмі бар. Фильмде Әлия образын Айтұрған Темірова сомдаған.

Тағы бір керемет туынды «Қасым» деп аталады. 4 бөлімнен тұратын телевизиялық фильм қазақ партизаны Қасым Қайсенов туралы.

Сюжетте майдан шебіне барлаушы Қайсенов диверсанттар тобын басқарып барады. Бірақ оның барлық сарбаздары сатқындықтың кесірінен фашистердің қолынан опат болады. Жау шебінде жалғыз қалған Қасым өзіне берілген тапсырманы орындап, жаудың қару-жарақ қоймасын жоюы керек. Соғыс уақытындағы сатқындық пен күдікке, қорқынышқа қарамай жергілікті халық Қасымға көмекке келеді. Фильм 2013 жылы шықты. Режисері Леонид Белозорович. 

Ұлы отан соғысы туралы тарихи фильм «Пантера» деп аталады. «Пантера» бұл Гитлердің өзі жоспарлап жасаған операция. Операцияның мақсаты соғыс кезінде фашистік германияға Жапонияны жақтастырып, өзіне күш қосып алу. Бұл үшін немістерден Жапонияға арнайы эмиссар жіберіледі. Оның ұшағы тек бір рет қана, Қазақстанда қонуы тиіс болған. Бірақ дәл осы кезде әскери коммендатураның капитаны Қадыров бұл хабарды естіген соң іске кіріседі. 

Әрменгі сюджетін айтып, фильм құпиясын ашқым келмейді. Сондықтан оқиғаның қалай аяқталатынын фильмнен көре аласыздар. Әскери фильм жанрына жататын фильмнің режисері Лейла Аранышева.

«Мәншүк туралы дастан» фильмі соғыстан қатты зардап шеккен Белорусь жерінде түсірілді.

Бұл 20 жаста қиылған жауқазын өмір, Кеңес Одағының батыры атанған қазақ қызы Мәншүк Мәметова жайындағы фильм. Фильм 1980 жылы түсірілді. Оның сценарийін Андрей Михалков-Кончаловский жазды. Кинода басты рөлдердің бірі - Мәншүк рөлін Арынбасарова Наталья Өтеуліқызы сомдайды. Фильмнің режисері Мәжит Бегалин.

Соғыс тақырыбында түсірілген бес фильмге тоқталдық. Әрбір фильм тарихи тұлғаға арналғандықтан бұл фильмдерді тек қызық үшін ғана емес, оның бізге тарихи құндылығы бары үшін де көргеніміз жөн деп есептеймін. Өз кезектеріңізде сіздер де көрген фильмдеріңізбен бөлісе аласыздар.

Сурет: rl-team.net, kinofilms.tv

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Ырысбек Дәбей, жазушы: "Қазақстанда жазушылықпен күн көру қазірше мүмкін емес"
Ырысбек Дәбей, жазушы: "Қазақстанда жазушылықпен күн көру қазірше мүмкін емес"
Бір жасқа дейінгі сәбиді күту мен асырау
Бір жасқа дейінгі сәбиді күту мен асырау
Кометаның кейінгі жеті жылдағы ең жарқын фотосуреті
Кометаның кейінгі жеті жылдағы ең жарқын фотосуреті
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт