9 мамыр. Павлодарлықтар жерлес жауынгерлерге тағзым етті

9 мамыр. Павлодарлықтар жерлес жауынгерлерге тағзым етті

Павлодарлықтар Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың құрметіне "Олар ақ тырнаға айналып кетті..." атты акция ұйымдастырды. Шара аясында аспанға қағаздан жасалған жүздеген тырна ұшырылды.

"Балалар жерлес жауынгерлердің құрметіне қағаздан 1200 тырна жасады. Тырналардың бір бөлігі гелий толтырылған шарлар арқылы аспанға ұшырылса, қалған бөлігі Даңқ Аллеясындағы құрмет тақтасының алдына қойылды", - деді ұйымдастырушылар.

Айта кетелік, соғысқа Павлодар облысынан барлығы 46 мыңнан астам жауынгер аттанған. Олардың жартысы шайқас алаңында Отан үшін қаза болған.

"Олардың ерліктері мен батылдықтары халықтың жүрегінде мәңгіге сақтаулы. Олардың патриоттығы қазіргі қыз-жігіттерге үлгі болып, Отанын сүюге итермелеуі тиіс", - деп ағынан жарылды қатысушылар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: o-koree.blogspot.com

Massaget