Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2013 / 9 мамыр. Соғыстан келген хаттар – 2

9 мамыр. Соғыстан келген хаттар – 2

9 мамыр. Соғыстан келген хаттар – 2

Соғыстан келген хаттар легін жалғастырамыз.

Бұл жолы назарларыңызға "Оңтүстік майдандағы" қазақ жауынгерлері мен командирлерінің қазақ халқына жазған хатын ұсынамыз.

22 сәуір, 1943 жыл. Құрметті біздің туғандарымыз, жақындарымыз және достарымыз! Біз қазақтармыз, "Оңтүстік майданның" жауынгерлері мен командирлеріміз. Біреуіңнің балаңбыз, біреуіңнің күйеуіңбіз, біреуіңнің ағаларыңбыз. Сендерге жалынды сәлем айтамыз! Міне біздің КСРО халқының ұлдарымен иықтасып соғысып жүргенімізге 21 айдан артық уақыт өтті. Біз Отан алдымыздағы борышымызды өтеп, неміс фашистеріне, бізді құл қылып жүргісі келіп жүрген қанішерлерге қарсы соғысып жатырмыз.

df

Құрметті жерлестер! Біз шабуылға шыққан тарихи кезеңде сендердің, қазақ халқымыздың хатын алдық. Кеңестік жердің әрбір метрі үшін жан аямай соғыстық. Сталинградты қорғаған кезде көрсеткен ерлігімізді бұл жолы да қайталадық. Аяғымыздан нық тұрып, шын беріліп шайқастық. Біз осы арқылы біздің Қазақстанымызды, туған үйімізді, туған-туыстарымызды қорғап жатқанымызды көкейімізде ұстадық. Сталинградты қорғаушылардың ерлігі біздің әрбіріміздің жүрегімізде тұр. Ауыр, қиын сәттерде: "Біз сталинградтықтармыз!" деп өз-өзімізге шабыт бердік.

df

Осылайша жауымызды жеңдік! Осы сәтте, жаңғырықтай сендердің хаттарыңыз жетті. Туған Қазақстанымыздың дауысын, республикамыздың еңбекшілерінің хатын алдық. Біз сендермен біргеміз, жан-дүниемізбен, жүрегімізбен, еңбегімізбен біргеміз! Сендер бізге: "Қасиетті Отанымыз үшін жандарыңды аямай, қасық қандарың қалғанша соғысыңдар", - деп едіңдер. Осы сөздерің біздің жүрегімізге қалай жылу сыйлап, қандай күш бергенін, қандай шабыт бергенін, жүрегімізді нығайта түскенін, біздің жеңіске деген ұмтылысымызды қалай арттырғанын білсеңіздер ғой! Туғандар! Сендерге Сталинград қабырғасында және Волга мен Ростовқа дейінгі далада Қызыл әскер жауынгерлерімен бірге қазақ халқының ұлдарының да соғысып жүргенін мақтанышпен жеткіземіз.

Қазақ халқының майданда жүрген қазақтарға арналған хатына жауап ретінде жазылған.

Орысшадан аударған: Еркебұлан Қайрахан

Түпнұсқаны мына жерден оқи аласыздар.

суреттер: tengrinews.kz, lada.kz

3253 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 мамыр 2013, 10:09
Пікірлер
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...