Әйелдер туралы ең қызықты деректер

Әйелдер туралы ең қызықты деректер
Фото: Global Young Voices

Әлемнің бірқатар елдері халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті. Айрықша сыйлық беріп, нәзік жанды аруларға құрмет көрсетті. Түрлі тосынсыйлар жасап, мерейін асырды. Ал біз әйелдер жайлы ең қызықты статистикамен бөліспекпіз.

 БҰҰ соңғы деректері бойынша қазір жер бетінде 7,5 миллиард адам бар. Оның 3 712 500 000-і әйелдер екен. Пайызға шаққанда ерлер - 50,5 %, әйелдер - 49,5 %.

♦ Әйелдер саны ең аз елдердің бірі - Біріккен Араб Әмірліктері. Бұл елдегі әйелдердің үлес салмағы 31,3 %-ды ғана құрайды.

♦ Әлемдегі 1,28 миллиард әйелдер Қытай мен Үндістан өмір сүреді.

♦ Бүкіләлемдік экономикалық форум дерегі бойынша соңғы 50 жылда 56 мемлекеттің (146 ел ішінде) басшысы әйел болған.

♦ Әлемде бірде-бір ел толықтай гендерлік теңдік дәрежесінде емес. Әйткенмен Исландия, Норвегия, Финляндия мен Швеция бұл нәтижеге жақын.

♦ Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 60-орында. Соңғы 5 жылда 28 орын төмендеген.

♦ Ең жоғары гендерлік теңсіздік Таяу Шығыс, Африка елдері мен Оңтүстік Азияда айқын байқалады.

♦ 15 әйел әлемдік көшбасшылар қатарында, оның 8-і өз елінде алғаш рет билікке келген ханымдар.

♦ Бүгінде әлем бойынша әйелдер арасында 9 мемлекет басшысы, 8 үкімет басшысы бар.

Қазақстандағы ерлер мен әйелдер статистикасы

Н. Үсенова