Массагет ұжымы 8 наурыз мерекесімен құттықтайды

Массагет ұжымы 8 наурыз мерекесімен құттықтайды
Фото: wikipedia.org

Ардақты аналар! Құрметті нәзік жанды арулар! Сіздерді massaget ұжымы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтайды.

Көктемнің шуағындай әр кез күлімдеп жүре беріңіздер! Жүздеріңізден жылулық, жүректеріңізден шуақ кетпесін! Әр атқан таң сіздерге тек қуаныш, үлкен бақыт пен шексіз шаттық сыйласын! Көктен жылулық әкелген көктем мезгіліндегі айтулы мерекеде жоспарларыңыздың, тілектеріңіздің орындалуына тілектеспіз.

Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан нәзік жандыларға шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз. Мереке құтты болсын!

Т. Раушанұлы