8 наурыз: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Ана – әр баланың өміріндегі ең басты адам. Ол әрдайым жақсы көреді, қамқор болады және қолдайды. Ана еңбектеріне көз жүгіртіп, дәл қазір анаңызға рақмет айтуға асығыңыз.

Өмір сыйлау
Сізге анаңыз өмір сыйлағанын ұмытпаңыз. Ол сіздің өмір сүруіңіз үшін қолынан келгенін аямайды.

Тамақтандыру
Ол сіз өмірге келгеннен бастап, алдымен ақ сүтімен, содан соң барынша ең дәмді, ең пайдалы азық-түлікпен тамақтандыруға тырысты. Сіздің сүйікті тағамыңызды уақытылы дайындап тұрды.

Жайлылық сыйлау
Жерге құлап, тізеңізді жырып алып, жылап келгенде анаңыз алдыңыздан жүгіріп шығып, жұбатып, құшақтайтын. Қазір де ең қиын сәтте өзіңізді анаңыздың қасында жайлы сезінесіз. Қандай жағдай болмасын ол сізді қолдай біледі.

Емдеу
Балаға не болса да, ана әрқашан көмектесуге дайын. Сіз ауырғанда түнімен ұйықтамай, сіздің жаныңыздан кетпейтін. Сізге дәрі мен су әкелуге әрқашан дайын тұрады. Сіз әр ауырғанда іштей сізбен бірге қиналады.

Дамыту
Сізге анаңыз ең алғашқы пайдалы дағдыларды үйретті. Сізбен бірге ән айтты, би биледі, тіпті бастапқыда сабақты да сізбен бірге оқыды.

Сенімділік беру
Анаңыз өзіңізге деген сенімділікті арттыруға көмектесті. Сіздің қолдан жасаған әр нәрсеңізге шын қуанды, оны үйге келген адамдарға көрсетіп мақтанды. Ол үшін нәтиженің мінсіз болуы маңызды емес, оған сіздің жаңа дүниені үйренуге тырысқаныңыз жеткілікті.

Күту
Сіз достарыңызбен қыдырып кеткенде, анаңыз түнімен ұйықтамай күтіп отырады. Сіздің аман-есен екеніңізді көрмейінше көз жұма алмайды.

Отбасылық бас қосу
Анаңыз уақытылы отбасылық ас дайындап қояды. Түрлі елдің тамағынан дәм татып жүрсеңіз де, анаңыздың асын сағынасыз.

Қуанту
Ана үшін баласының қуанышты жүзін көруден артық ештеңе жоқ. Ол сіздің бақытты болғаныңызды қалайды. Кішкентай кезіңізден бастап сізді қуанту үшін туған күніңізде, әр мейрамда мерекелік көңіл күй сыйлауға тырысты.

Уайымдау
Сіз туралы ешкім анаңыз сияқты өте көп ойламайтын шығар. Ол сізді еш себепсіз жақсы көреді. Әрдайым сіздің бақытты және табысты болуыңызды тілеп жүреді.

Анаңыз сіз үшін көп нәрсе жасады, әлі де қолынан келгенін жасауға дайын. Ал сізден бар болғаны оған жиі қоңырау шалып, жиі кездесіп, оны жақсы көретініңізді айту ғана қажет.

Ана болу – бұл...

Бөлісу: