Спортшы қыздарға не сыйлауға болады?

Спортшы қыздарға не сыйлауға болады?
Фото: vesti.kz, vk.com

Қандай мереке болса да қыздарға сыйлық жасау үшін ұзақ ойланатынымыз рас. Оның неге қызығатынына, нені алғысы келіп жүргені туралы ақпарат іздей бастайсың. Ал ол жан тіпті спортшы болса ше? Онда мәселе басқа...

Сыйлық таңдауда қыздардың мамандығына да мән берген жөн. Спортшы арулар үшін оның қандай спорт түрімен айналысатынын біліп алғаныңыз абзал. Соған қарай сыйлық қарастыра бастайсыз. Десе де спортқа қызығатын қыздар үшін ортақ сыйлықтар да табылады. Олай болса айта отырайық.

Сүйікті командасының немесе талантын бағалайтын спортшысының жейдесі

Көп спортшылардың сүйікті командасы немесе талантын бағалайтын спортшысы болатыны рас. Сондықтан да осындай бір сый жасаудың жолы бар екенін ескере жүрсеңіз артық болмас.

Спорттық сөмке

Спорттық сөмкелерді сыйлық ретінде беру – сәннен қалған емес. Аруларға мұндай сыйлық ұнамай қалуы екіталай.

Секіргіш сыйлау

Секіргіш (скакалка) те тамаша сыйлықтың бірі. Оның да бағалы түрлері көп. Спортпен айналысатын арулар секіргішті жаттығу кезінде жиі пайдаланатынын білетін де боларсыз. 

Су ішетін құты

Көп адамдар сыйлықтың әжетке жарағанын жақсы көреді. Сондай сыйлықтың бірі – су ішетін құты. Спортшылар үшін жанынан табылатын мұндай құтының сан түрі бар. Ең әдемі жасалғанын сыйласаңыз ерекше сый болары сөзсіз.

Фотосессия ұйымдастыру

Көп қыздар суретке түскенді жақсы көретіні белгілі. Спортшы қыздар үшін де сапалы суреттің бағасы жоғары. Сондықтан да кәсіби фотограф шақырып немесе бір студияға фотосессия жасауға сый жасасаңыз, айрықша тосынсый болары сөзсіз.

Ал сіз спортшы аруларға қандай сый жасауға кеңес берер едіңіз?

Ө. Сансызбай