8 наурыз туралы қызықты 8  дерек

8 наурыз туралы қызықты 8 дерек

Көктеммен бірге келетін ең шуақты мерекенің ауылы алыс емес. Арулар, асыл жандарға деп құшақ-құшақ гүл таситын, идеал өмірдің үлгісіндей болатын сол бір күннің келуіне көп қалмады.

Осыған орай, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне қатысты қызықты деректер тізімін ұсынып отырмыз.

1. 1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында  Клара Цеткин  8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды және де өз құқықтары мен теңдік үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды.  Бұл үндеу дүниежүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты. Олар тек өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығы мен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді.

2. Бұрын КСРО құрамында болған елдерде 8 наурыз мерекесінің символы болып мимоза гүлі есептеледі. Бірақ, шынтуайтына келгенде аталған мейрамды тойлайтын көптеген ел үшін Әйелдер күнінің символы – қызғалдақ.

3. Бұл мереке Ежелгі Римде де тойланған болып шықты. Олар да бұл күні нәзік жандыларға сый тартып, құттықтауларын жеткізеді екен. Әдетте мұндай құрметке билеушілердің жұбайлары ғана ие болған. Ал, құлдықтағы әйелдерге ресми демалыс тағайындалып отырған.

4. 1950 жылы 8 наурызда КСРО атом бомбасы бар екенін жариялады.

5. Капиталистік елдер 8 наурызды мереке деп мойындаған жоқ. Әлі де солай. Бірақ көп елде, атап айтқанда: Америкада – «Аналар күні», Францияда  – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар. Олар жаз айларында тойланады.

6. Қазір 8 наурыз Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Ауғаныстан, Беларусь, Буркина-Фасо, Вьетнам, Гвинея-Бисау, Грузия, Замбия, Камбоджа, Қырғызстан, Кирибати, Қытай, Коста-Рика, Куба, Лаос, Мадагаскар, Молдова, Моңғолия, Непал, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркменстан, Уганда, Өзбекстан, Украина, Хорватия, Черногория, Эритрея, Латвия сынды әлем елдерінде аталып өтеді.

7.  Мадагаскарда 8 наурыз күні тек әйел адамдар ғана демалады екен. Ал Қытайда мүлдем демалыс күні деп бекітілмеген. Бізде болса, бұл күн ресми түрде демалыс күні деп 1966 жылы жарияланды.

8. Аталған мейрам оны тойламайтын елдерде басқа мерекелерге сәйкес келеді. Мысалы, Сирияда 8 наурыз – Революция күні, Замбияда – Жастар күні, Малайзияда – Сұлтан күні, Либерияда – Соғыста бақилық болғандарды еске алу күні. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Елде магистратура мен докторантураға қабылдау басталды
Елде магистратура мен докторантураға қабылдау басталды
Ағаш сақинасына қарап климаттық өзгерісті анықтауға болады
Ағаш сақинасына қарап климаттық өзгерісті анықтауға болады
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар