Осы көктемнен не күтесіз?

Осы көктемнен не күтесіз?
Фото: Бауыржан Жақсымбет

Көктем келді. Адамдар асыға күтетін жалғыз мезгіл болса, ол – көктем. Өйткені көктем – көңілге шуақ, жүрекке шабыт әкелетін жылы мезгіл. Қаһарлы қыстан кейін шығатын нұр адамдарды ақ арманға жетелейтіндей. Көктемнен жақсылық, таңғажайып күтетіндер көп. Жаңару, жақсылыққа ұмтылу, әсіресе, көктемде көрініс табады. "Көктем қашан келеді?" деп аңсап күтіп, "Көктемге санаулы күн қалды" деп тағатсызданған жұрт көктемді тек ауа райының жылылығы үшін емес, адамға үміт сыйлай білетін мезгіл болғандықтан жақсы көретін сыңайлы. Өздерінен сұрап көрейік. Алматы тұрғындары осы көктемнен не күтеді екен?  

Әділбек, 18 жас

"Мен колледждегі емтиханымды сәтті тапсырсам деймін". 

Нәсиба, 21 жас

"Мақсатым – сессиядан өту"

Айтжан, 58 жас

"Зейнетке аман-есен шыққым келеді".

Сұлтанбек, 63 жас

"Бастысы – денсаулық".

Жасұлан, 35 жас

"Үй салғым келеді".

Анар, 31 жас

"Арманым – ана атану".

Олжас, 30 жас

"Көлікті болсам деймін".

Күлжамал, 57 жас

"Денім сау болып, немеремнің қылығына тоймай жүре берейін".

Марал, 17 жас

"Осы көктемнің ерекше өткенін қалаймын, студенттердің уақыты көңілді өтсе деймін".

Аяулым, 17 жас

"Осы көктемнен үлкен махаббат пен романтика күтемін".

Әсел, 21 жас

"Мен күткен таңғажайып үнемі орындалып жатады. Осы көктемнен де әлдебір таңғажайып күтемін".

Айымгүл, 25 жас

"Өзім үшін жаңа әлемдер ашқым келеді".

Ал сіз көктемнен не күтесіз?

М. Оңғарова