ӘЧ-2014. Португалия – Гана – 2:1

ӘЧ-2014. Португалия – Гана – 2:1

Әлем Чемпионатында үшінші тур ойынында - G тобында Португалия мен Гана құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды...

Алғашқы тайм португалдықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталған болатын. Бірінші бөліктегі жалғыз голды ганалықтар өз қақпаларына соғып алды.

Екінші таймда ганалықтар есепті теңестіріп, ойындағы өртті өршіте түскен еді. Көп ұзамай португалдықтардың көшбасшысы Роналду өз командасын алға шығарды.

Германия құрамасы бұл топтан бірінші орынмен шықты. Екінші орынға таласта АҚШ құрамасының бағы жанды.

Әлем чемпионаты, G тобы, үшінші тур

Португалия – Гана – 2:1

Бой Дж. 31, Криштиану Роналду 80Гьян А. 57

Португалия: Бету, Бруну Алвеш, Пепе, Мигел Велозу, Вильям Карвалью, Моутинью, Эдер, Нани, Аморим, Перейра, Роналду.

Гана: Дауда, Гьян, Атсу, Агьеманг-Баду, Андре Айю, Рабиу, Уорис, Менса, Асамоа, Бойе, Аффул.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.news.am

Л. Лига