8 наурыз қарсаңындағы Алматы. Фоторепортаж

8 наурыз қарсаңындағы Алматы. Фоторепортаж

Алатаудың төсінде керіліп жатқан ару Алматыда көктемнің иісі сезіле бастады. Жыл сайын Алматыға мұндай күй сыйлайтын – 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі. Осынау атаулы күн қарсаңында қолымызға фотоаппарат алып, қала көшелеріне шығып көрдік. Бірге тамашалайық!

Көк аспанның астында...

Алманың қаласы...

Махаббаттың мекені...

Ғашықтар да көктеммен бірге жаңара, жасара түсуде...

Бәйшешек бой көрсетпесе де, жер көгере бастапты...

Алматыдағы "Француз үйінде" қызу дайындық...

Ал мына гүлдер қаланың сұлулығына сұлулық қосып тұр...

Көбелектерден де бір нәзіктік сезіледі...

Қала көшелеріндегі гүлдерден аяқ баса алмайсыз... Таяуда бәрі де өз иелерімен қауышады...

Сыйлық таңдауға асығыңыз!

Мерекеге орай әрбір сауда үйінде жеңілдіктер жарияланған. Қапы қалмаңыз!

Мерекелік байқауларға да қатысуға болады.

Аяулы қыз-келіншектер мен ақ жүректі аналар, әжелер! Көктем мерекесі құтты болсын!

Арнайы Мassaget.kz үшін: Мейіржан Әуелханұлы, Айгерім Сматуллаева