Театр жұлдыздары 8 наурыз мерекесімен құттықтайды

Театр жұлдыздары 8 наурыз мерекесімен құттықтайды

Көктемнің гүл мерекесі 8 наурызбен алматылық театр актерлары да құттықтайды.

Жұмағали Маханов, М. Әуезов театрының актері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты:

 

Бұл мерекені бала күнімізден бері атаусыз қалдырмаймыз. Оқушы кезімізде анамызға, ұстаздарымызға, сыныптас қыздарға сыйлық әзірлейтінбіз. Түк таба алмасақ, көркем сөзбен әдемілеп мерекесімен құттықтау жазамыз. Аналарға қандай сыйлық жасасақ та артықтық етпейді ғой. Олардың қоғамдағы рөлінің өзіне баға беру қиын. Апаларымызға Алла денсаулық берсе екен деп тілеймін. Әпке-қарындастарымызды да меркелерімен құттықтаймын! Көктемнің шуағындай жадырап жүре берсін!

Әсет Иманғалиев, Ғ. Мүсірепов театрының актері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты:

 

 

«Ана мейірі күн көзімен бара бар

Тұла бойға қуатталып таралар

Көп жасаңыз өмірімізге шуақ боп

Ақжаулығын тартып жүрген аналар»,- осынау көктемнің алғашқы күндерімен келіп жеткен аналар, арулар, әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде аналарымыз, аруларымыз, жеңгелеріміз әпке-қарындастарымыз аман болсын, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Әрқашан гүлдей жайнап жүре берсін демекпін.

Бақыт Тушаев, Ғ. Мүсірепов театрының актері:

 

Қай жерде мейлі қай елде
Әлемнің мәні әйелде, - деп Жүрсін Ерман ағамыз айтқандай көктемнің алғашқы бәйшешек гүліндей құлпырып, айтулы да өзекті төл мерекенің бірі 8 наурыз әйелдер мерекесі құтты болсын дейміз. Бәріміз де анадан туылдық, жұмақтың кілті ананың табанының астында демекші. Сондықтан, қарындасты, қызды сыйлағанымыз әйел затын сыйлағандық деп ойлаймын. Анамызды тек қана 8 наурызда ғана емес, 365 күн бойы аялап ардақтап құттықтап жүргеніміз артықтық етпейді. 

Елдар Отарбаев, Ғ. Мүсірепов театрының актері:

   

Көктеммен бірге жеткен 8 наурыз мерекесімен барлық апаларымыз бен аналарымызды шын жүректен құттықтағым келеді. Қыр гүліндей құлпырып жүрген қарындастарымыз бен әпкелерімізді де болашақ ана деп білемін. Бұл мереке барлық адамзатқа ортақ, ыстық мереке саналады. Езулеріңізден күлкі кетпесін! Әр қазақтың қызына әйел бақытын, яғни ана бақытын тілеймін, ұрпақ өрбітіп, қазақтың санын көбейтуіне шын жүректен тілектеспін.

Елжан Тұрыс, М. Әуезов театрының актері:

 

Бұл мереке – жылылық пен мейірімділіктің мерекесі. Көктемнің мизам шуағын аңсаған жүректерге Ана мейірінен артық не бар?! Бұл мерекені бала кезден ұмыт қалдырмаймыз. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен театр ұжымындағы апаларымыз бен әпкелерімізді, қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біздің олардан үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Отбасыларында амандық, береке болсын!

Қуаныш Тұрдалин, Ғ. Мүсірепов театрының актері:

 

 

«Ана жанын ана болса ұғарсың

Алдыңдағы ол биік құзар шың,

Балаң үшін кеуделеніп мақтанып

Балаң үшің биіктенде құларсың»,-  деген Фариза Оңғарсынова апамыздың өлеңі бар еді. Осы шумақты шын жүректен арнай келе, аналарымызды, әжелерімізді, әпкелерімізді, барша қыз-келіншектерімізді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: театрдың баспасөз қызметі