Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2014 / 8 наурыз. Жігіттер мерекеге сыйлық таңдайды

8 наурыз. Жігіттер мерекеге сыйлық таңдайды

8 наурыз. Жігіттер мерекеге сыйлық таңдайды

Халық арасында "8 наурыз – қалта тоналатын күн" деген әзіл әңгіме кең таралған. Алайда, біздің кейіпкеріміз Мәди бұл стереотипті жоққа шығарады. Нәзік жанды жақындарыңызға қалта көтеретін әрі пайдалы, әдемі сыйлықтарды таңдауға да болады. Алматыдағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының студенті Мәди Бекмағамбетов жігіттер қауымына көмектеседі.  


Мәдидің жанындай жақсы көретін анасы, қарлығаштай қарындасы, еркелігін көтеретін жеңгесі мен ақ жаулықты әжесі бар. Және осындай сымбатты серінің сүйіктісі болмауы мүмкін емес. Алда – 8 наурыз мерекесі. Ол барлық жақынына сыйлық алмақшы болды. 
Қандай сыйлық таңдаймын? Ол осы сауалына жауап таппастан, қала дүкендерін аралауға шықты.

Ары ойланды, бері ойланды. Әйтеуір, тапты-ау!

Сонымен, алғашқы дүкеннің есігін де аштық.

Кез келген жанның өміріндегі басты адам – ана. Сыйлықты да анаға таңдаудан бастау керек. Мәдидің анасы денсаулық сақтау саласының қызметкері. Ол заманауи әйелдің міндетті түрде әмияны болу керек деген оймен, таңдау жұмыстарын да бастап кетті. Жақында ғана бір журналдан қызыл түстің байлықтың нышаны екендігін оқыған Мәди қызыл түсті әминянға тоқтады.

"Аналардың алдына әлемнің бар гүлін қойсақ та артықтық етпейді", - дейді Мәди. Анасының сүйікті гүлін де оңай тапты.

Кейіпкеріміз әрдайым ақылын аямайтын, күндіз-түні тілеуін тілейтін әжесінің тортты жақсы көретінін ескеріп, қаладағы "Нәзік" дүкендерінің біріне бас сұқты.

Апасының сүйікті бисквит тортын алып, әдемі етіп оратып алды.

Ал әзілі жарасқан қылықты жеңгесі үшін мынадай әдемі ыдысты таңдады.

Ал енді Мәди жүрегін жаулап алған аруға не сыйлайды екен? Бәрінен де қызықтырғаны осы болды. Ол ғашығының ұнататын иіссуын біледі екен. Бұл да таңғалмасқа қоймады. Атақты француз иіссуы J`adore Dior сізге де ұнайтын болар?

Серіміз гүл шоғын таңдауға келгенде ұзақ ойланды. Ақыры, таңдау қызыл раушан гүліне түсті.

Мәди аяулы қарындасын да ұмытқан жоқ. Мынадай әдемі әшекей бұйым жақында бір сұлудың қолына тиеді деп сенеміз.

Міне, кейіпкеріміз ең жақын деген адамдарына сыйлық таңдап бітті. Мектеп қабырғасында, студенттік жылдарда сырлас, мұңдас болған құрбыларын да құттықтамағаны дұрыс болмас деген ниетпен кітап дүкеніне аяқ басты. Мәдидің ойынша, ХХІ ғасырдың жастары міндетті түрде кітап оқу керек. Қаладағы кітап дүкендеріне кейіпкермен бірге біз де кірдік.

Ол әрбір құрбысының талғамын есепке алып, кітапты ұзақ таңдады.

Сатушы-кеңесшінің де кеңестеріне құлақ түрді. Біріне аспаздық тақырыбындағы, екіншісіне, психологиялық кітаптар алды.

Ерекше қадір тұтатын ұстазына Мұқағали Мақатаевтың жыр жинағын сыйламаққа бел буды.


Ең соңында, ыстық тілегі мен шын жүректен шығатын алғыстарын жазу үшін бірнеше ашық хат алмақшы болды. Себебі, мерекеде ең бастысы – сыйлық емес, ақ тілек, түзу ниет.

Мәди Бекмағамбетов және Мassaget.kz порталы нәзік жандыларды келе жатқан төл мереке – 8 наурызбен құттықтай отырып, денсаулық, бақыт, махаббат тілейді!

Дайындаған және суретке түсірген: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 03 наурыз 2014, 16:13
Пікірлер
+0
03 наурыз 2014, 15:54

Талғамы керемет екен! Байқағаным көп жігіт 8 наурызда қызына сыйлық алғанымен, анасын ұмытып кетіп (өзіміз ғой деп екінші планға ысырып тастап) жатады. Осыған қарсымын ))

+0
03 наурыз 2014, 16:26

Тамаша! Барлығын да қамтыған екенсіздер! Қыз атауы бір болғанмен, тағамы түрлі ғой... :mrgreen:

+0
03 наурыз 2014, 19:01

ООО керемет талғамы ерекше ғой :D

+0
04 наурыз 2014, 17:46

Талғамы керемет, ақшасы да сәйкесінше бар екен

+0
04 наурыз 2014, 20:26

Талғам жақсы ғой жездемде)) Жақын адамдардың бірінде қалдырмай сыйлық алғаны дұрыс болыпты. Ақшасы құрсыншы. Емае мен Даркке бір кіріп шыққаннан қалмайтын ақша ғой))

+0
05 наурыз 2014, 09:42

:cry: :cry: :cry: :cry: қатырдың Шерхан :?:

+0
04 наурыз 2014, 20:54

Айтпа сол Шерхан. Кунде даркке кеткен акшага ак жаулыкты ананды куантсан кандай керемет мысалы. Казир кунде дарк пен емае болып кетти гой. Кудайкаласа ертен Сыр елине карай тартып кетемиз! Букил казактардан, Сыр елинен Анкарага Ассалаумагалейкум! Туриктин кыздарына не алайын деп жатсындар?))))))))

+2
04 наурыз 2014, 22:42

Бізден Уағалейкумассалам) Жол болсын! Түркияда сегізінші наурыз деген мереке жоқ екен, қуанышымызға орай)

+0
09 наурыз 2014, 23:44

Қатырасыңдар ғой :idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.