8 наурыз. Жігіттер сезімін қалай білдіргені дұрыс?

8 наурыз. Жігіттер сезімін қалай білдіргені дұрыс?

Алда көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келеді. Осынау мерейлі мереке қарсаңында сүйікті жандарына сезімін білдіргелі жүрген жігіттерге деген ақыл-кеңестерімізді ұсынамыз.

Махаббат – дүниедегі асыл сезімдердің бірі. Оны бағалай білу өзіңізге ғана байланысты. «Махаббатсыз – дүние бос» деп ұлы Абай айтпақшы, дүниені осы бір ғажап сезімсіз елестету мүмкін емес. Бұл сезімнің түрлері көп болса да, оның шын мәніндегі тереңінде ізгілік пен адалдық жатыр.

 

1. Қыздардың көбі тәтті атаулыны жақсы көреді. Сіздің де сүйіктіңіздің солардың қатарынан болуы әбден мүмкін. Сондықтан, алғаш өз сезіміңізді білдірерде сан түрлі тәттілерден құралған сыйлық пен жеті раушан гүлін сыйлауды қыз жүрегіне жол тартып, жүрек қақпасын қағудың тамаша бір тәсілі деп қарауға болады. Ең бастысы – арудың көңілді сәтін дәл тауып, күтпеген сый жасау сіздің қолыңыздан келуі тиіс.

2. Егер қалтаңыз көтеріп жатса, көшедегі немесе ғимарат ішіндегі үлкен экран арқылы сезіміңізді білдірудің жөні бір бөлек. 

3. Cезіміңізді жақсы көрген аруыңыздың көз алдында білдірген дұрыс. Дегенмен, ой саларлық тосын сый арқылы да ғашықтығыңызды дәлелдеудің жолы бар. Аруыңызға 8 наурыз мерекесіне орай махаббат тақырыбындағы ең үздік деп таныған кітабыңыз бен раушан гүлін сыйға тартыңыз.

4. Егер жақсы көрген аруыңыз поэзияға жақын немесе қиялға көбірек ерік беретін болса, өзі туралы бейнебаян үлкен сый болары анық. Оның сол сәтте сізге деген сезімі одан сайын лаулай түсуі мүмкін.

5. Сезіміңізді шағын кофеханасы бар трамвай ішінде білдіруге болады. Мұны Алматы көшелерінен де байқап жүрміз. Оның ішіндегі екі сағат уақыт сіздің өз сөзіңіз бен жүрек лүпіліңізді сүйген аруыңызға жеткізуге жеткілікті болады.

6. Егер  сіз сүйген ару көп қабатты үйде немесе жатақханада (студент болса) тұратын болса, достарыңызбен бірге мерейлі мерекесімен құттықтап келіп тұрсаңыз, бұл үлкен сый болмақ. 

7. Егер жер үйде тұратын болсаңыз, арнайы қабырға тұрғызып, оған сүйікті аруыңыздың есімін жазып, қонаққа шақырыңыз.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vk.com, yvision.kz, adme.ru

Ө. Сансызбай