Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2014 / 8 наурыз. Массагеттен жастар кешіне арналған сценарий

8 наурыз. Массагеттен жастар кешіне арналған сценарий

8 наурыз. Массагеттен жастар кешіне арналған сценарий

Құлпырған көктем мезгілі де санаулы күннен кейін есігімізден кіріп келгелі отыр. Ал көктем мезгілінің ең бірінші мерекесі ол – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні! Осы мерекеге орай бүгін біз сіздердің назарларыңызға группалас немесе сыныптас аруларыңызды құттықтау кешіне арналған сценарий ұсынамыз.

Группаңыздағы немесе сыныбыңыздағы қыздар қауымын мерекесімен естен кетпестей етіп құттықтау үшін арнайы орынды тауып, белгілеп алғаныңыз дұрыс. Мәселен, би алаңы бар шағын кафе немесе мектептің (оқушы болсаңыз), университеттің (студент болсаңыз) мәдениет залдарында өткізуге болады. Сонымен қатар, мерекелік сыйды да естен шығармаған жөн. Ал кештің қызықты өтуі үшін, «асабалардың арланын, тамадалардың тарланын» іздеудің қажеті жоқ. Орталарыңыздан сөздің майын тамызатын жігіттің табылатыны анық. Бастысы ұйымдасқан түрде болса, және кеш бағдарламасы көңілді құрылса болғаны. Ал қалған сөз кезегін жүргізушілерге берейік: (Екеуі де жігіт болуы тиіс).


1. Кеш жарық, қымбатты арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, асыға күткен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні де келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға деген бір құрметпен басталғаны абзал!

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Аман болсын әрқашан да аналар! – деп ақ сүт беріп өсірген аналарымызға бір қошемет көрсетейік!


2. Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен өкпемізді алып тастап, екі бүйрек, жалғыз жүрегімізбен қызу құттықтаймыз! Бүгінгі кешке келіп отырғандарыңызға көп-көп рақмет! Алдарыңызға ас қойып, екі қолды бос қойып отырғанымызда, ыстық тамақ пен суық коланы араластырып, дәм-ауыз тиіп отырыңыздар.

Мерекелік кеш әнмен жалғасады. Домбыра немесе гитарада барлығына таныс бір әннің орындалғаны дұрыс. Қыздар туралы болса, нұр үстіне нұр болады.

1. Осы бір керемет әннен кейін алғашқы сөз кезегін, «жігітке жеті өнер емес, жеті дөнер де аз» деп білетін _______ ұсынамыз.

Сыныптас немесе группалас, өзі денелі жігіт тілегін арнайды.

- Кезінде жүректеріңізді жаулап алып, енді еркіндік аңсап жүрген еркін де еріккен еркектер қауымы атынан алғаш болып сөз бастау оңай емес екені анық. Құрметті группаластарым (сыныптастарым) мерекелеріңіз құтты болсын! Аналарымыздың мерекесі құтты болсын! Әрқашан арамызда күліп-ойнап жүре беріңіздер!

2. Мына бір тамаша тілекті _______  неге жалғастырмасқа деп тұрғандай. Ал сөз кезегі өзіңізде:

-  8 наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!

Көңілдерің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімдерің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша ақ көңілім тұншығады,

Ән болып көмейімнен ақтарылмай, – деп сіздерге әсем бір ән арнап берейін, қабыл алыңыздар!

Ән орындалады. (Қыздар, махаббат секілді тақырыпта)


Жігіттер қауымы өз тілектерін жаудырып болғаннан кейін, қыздарды ашық әңгіме алаңына тарту кеш көрігін қыздыруға үлкен септігін тигізеді. Бәлкім сіздер бірінші рет, мүмкін бесінші, алтыншы рет бас қосып отырған боларсыздар. Сондықтан да қыздардың алғашқы группаластарыңызбен (сыныптастарыңызбен) таныстығы, бір-біріне деген алғашқы көзқарастарының қандай болғаны, өзгелер жайлы не ойлайтынын сұрап білу арқылы көңілдерін шаттандыруға болады. Ол үшін әрқайсысына сөз кезегін ұсынсаңыз, кеш жүргізушісіз-ақ құлпырып шыға келмек.

Кештің көркін би алаңы одан да қыздыра түсетін болады.

Би алаңында түрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Жай ғана «паровоз» жасап адамдар арасынан жүрудің өзі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.


Би алаңына бармаған кей қыздар әдемі суретке түсетін алаң (фон) іздейтіні анық. Мұндай сәтте сізден мықты фотограф болмауы керек.

Би алаңынан қайта дастарқанға отырғаннан кейін:

1. Мирас болып атадан қалған сыйға

Ауылдағы су өтпейтін қара пима

Бұның бәрін неге айтып тұр дерсіздер...

Қалай қыздар, ностроение нормәлни ма? – деп кешімізді жалғастырайық. Сонымен біздің сіздерге жасаған кішкене ғана сыйымызды қабыл алыңыздар. Шын көңілден ұсынылған сыйлықтар өз иелерінің шын көңілінің түкпірінен орын алсын.

Сыйлықтар таратылады.

Енді сыйлық жайын айтып өтейік. Қазіргі таңда технологияның дамыған заманында көп досымыз альбом арнамайтыны анық. Еее, ұялы телефонымда, компьютерімде бар ғой деп жүре береміз. Сондықтан да альбом сыйлағанның мәні зор. Ал альбомнан өзге де тамаша сыйлық жасауға болады. Ол қандай дейсіз ғой?

Группалас (сыныптас) қыздарыңыздың суреттерін жеке диск бетіне шығарып, ішкі диск бетін де көркемдеп сыйлаған сый үлкен естелік болмақ.

Мерекелік кешті қайта әуезіне салып, ішкі сырын айтуға сөз кезегі келген арудан жалғастыруға болады.

Ал кешті мерекелік тортпен аяқтау – отшашумен бірдей!


2. Құрметті қызғалдақтай құлпырған қыздар! Мерекеден мерекеге аман-есен жете беріңіздер! Денсаулықтарыңыз зор болып, опа жаққан беттеріңізден әжім көрінбей, помадалы езулеріңіз жиылмасын!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: Massaget.kz

16639 7
Рейтинг: +6

Қосылған күні: 25 ақпан 2014, 15:33
Пікірлер
+0
25 ақпан 2014, 15:51

Тамаша сценарий!

+0
25 ақпан 2014, 15:58

Мынау менің группам ғой... Осы кешті ұлдарымыз өте тамаша ұйымдастырды. Мәңгілік есімізде қалатындай жинақы әрі сыйлыққа толы болды!!! :evil:

+0
25 ақпан 2014, 19:10

осылай орындап беретін жандар болса тек

+0
25 ақпан 2014, 20:20

«жігітке жеті өнер емес, жеті дөнер де аз» деп жазылып кетіпті)

+0
25 ақпан 2014, 23:07

Тух не деген қыздар

+0
03 наурыз 2014, 02:24

Таныс адамдар екен) Қайдан көрдім?

+0
19 қараша 2014, 13:58

Массагеттің қыздары мен жігіттерінің бәрі де әдемі екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...