8 наурыз. Қолдан тоқылған білезік

8 наурыз. Қолдан тоқылған білезік

8 наурыз мерекесіне орай жігіттер қауымы қарындасына, дос қызына не жақын әріптес қызына, сүйікті адамына мынадай қолдан тоқылған білезік сыйлауына болады. Немесе қыздар да құрбыларына, әпке-сіңлілеріне немесе жай ғана жақсы көретін адамдарына осыны тоқып сыйласа, артық емес. Кім-кім де сатып алынған дайын сыйлықтан гөрі, еш жерде жоқ ерекше сыйлыққа лайық. Бұл білезікті "Шамбала браслеті" деп атайды. "Шамбаланы" әркім әртүрлі жіп пен әртүрлі моншақтан тоқыса да, тоқылу әдісі бәріне бірдей. Тоқылуы оңай. Сіздің қолыңыздан келетініне сенімдіміз!

Ол үшін бізге:

  • Қатты жіп;
  • Тырнақ бояуға арналған лак (Тоқыған жіптің түсі қандай екеніне байланысты таңдаңыз. Мен ақ жіп таңдаған соң ақ түсті лак алдым);
  • Моншақ (8 ірі, 2 кіші)
  • Қайшы керек.

Бастайық. Ұзындығы жарты қарыс болатын жіпті қиып алып, моншақ кедергісіз өтуі үшін жіптің ұшын лакпен бояймыз. 

Моншақты бір-бірлеп өткіземіз.

Міне, 8 моншақты бірінің артынан бірін өткізіп болдық. 

Жіптен ұзындығы бір қарыс болатын жіп қиып алып, төмендегі суреттегідей етіп моншақ тізулі тұрған жіптің астынан өткіземіз. 

Тоқуды бастаймыз. Бірінші жіптің ұшын моншақ тізілген жіптің астынан және екінші жіптің үстінен өткіземіз, ал екіншісінің керісінше моншақ тізілген жіптің үстінен өткізіп, бірінші жіптің астына жібереміз. Төмендегі суретке қарап істесеңіз оңай болмақ.

Мынадай түйін шығуы керек. 

Төмендегі суреттегідей етіп әрекетті қайталаңыз. 

5 тоқыма тоқып, енді моншақтың арасынан тоқимыз. Ол үшін тоқып жатқан жібіміздің моншақтың үстінен бір байлаймыз.

Моншақтан өткізген соң, арасынан 2 тоқыма тоқып, тағы да келесі моншақты өткіземіз. 

Тоқыманы қайталаймыз. 

8 моншақтың үстінен тоқып шыққан соң, соңғы моншаққа мынадай түйін жасаймыз.

Соңынан бағана басында тоқығандай етіп 5 өрім тоқимыз. 

5 өрімнен соң, жіптің ұшы тарқатылып кетпеуі үшін кәдімгідей етіп екі рет байлап, лак жағып қоямыз. 

Білезік жартылай дайын деуге болады. 

Енді мына төмендегі суреттегідей етіп тағы бір жарты қарыс жіп кесіп алып, білезіктің астынан өткіземіз. 

Дәл бағанағы әдіспен білезіктің сабын тоқимыз. 5 өрім тоқып, ұшын әдеттегідей етіп байлаймыз. 

Ұшына тарқатылып кетпеуі үшін лак жағамыз. 

Тоқып отырған жіптің артық қалған тұсын қайшымен қиып тастаймыз.

Білезіктің екі ұшына көлемі кішкене моншақтарды кигіземіз. 

Білезік дайын! 

8 наурыз мерекесі құтты болсын! 

Білезікті тоқыған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова