8 наурыз. Алматыда қандай шаралар өтеді?

8 наурыз. Алматыда қандай шаралар өтеді?

Бүгін біз сіздерге 8 наурыз күнгі мерекеге байланысты Алматы қаласында қандай шаралар өтетіндігі туралы мәлімет бермекпіз. 

3 наурызда халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Майра Ілиясованың ұйымдастыруымен "Жан Анам" атты концерт өтеді. Кеште Мақпал Жүнісова, Ескендір, Біржан Хасанғалиевтер, Нұрғали Нүсіпжанов, Тоқтар-Бейбіт, Ұлықпан Жолдасов, Тамара Асар, Мәдина Садуақасова, Жұбаныш Жексен, Жанболат пен Жазира, Рүстем Нұржігіт, Қанат-Света, Әлішер Каримов, Аллаберген Жақсыбаев, Үмітжан Шегетаев, Әлия Әбікенова, Еркін Нұржан, "Заман" тобы, "Керім-Сал" тобы, Жанан Қарман, "Кешью" тобы, "Аюми" тобы, Серік Ибрагим, Фарида Жолдасова, "Алашұлы" тобы, Гүлзира Рахымжан, Амангүл Орынбасарова, "Денар" тобы, Мирас-Құралай сынды эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

5 наурыз күні сағат 19.00-де Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында "Ару-Ана" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен "Айтұмар" тобының концерті өтеді. Кеш қонақтары: Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Алтынай Жорабаева, Бану Тұрғымбаева, Еркегүл және т.б. Байланыс телефондары: 87272405430, 87014329369. 

7 наурыз күні сағат 19.00-де Республика Сарайында "Шымкент шоу" әзіл-оспақ театрының концерті өтеді. Билет құны 2500-5000 теңге.

7 наурыз күні сағат 16.00-де және 20.00-де Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында "Мен айтты деп айтпашы" атты күлкі кеші өтеді. Кеш қонақтары: Бауыржан Ибрагимов, Нұр-Мұқасан тобы, Орда тобы және т.б эстрада жұлдыздары. Байланыс телефондары: 87021211989, 2742062.

8 наурыз күні сағат 15.00-де және 19.00-де Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Заттыбек Көпбосынұлының жеке шығармашылық кеші өтеді. Билеттер 1000-5000 теңге аралығындағы билеттер сарайдың кассасында сатылады. Байланыс телефондары: 2742062, 87025570176, 87078235842.

 

7 наурыз күні сағат 18.30-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режисер Мұрат Ахмановтың "Келіндер көтерілісі" атты комедиясы өтеді. 


8 наурыз күні сағат 18.30-де Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ  Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режисер Б.Сейітмамытұлының режисерлігімен "Махаббат сазы" атты поэзиялық кеш өтеді.


9 наурыз күні сағат 18.30-де Мүсірепов  атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театрында режисер А.Бектеміровтың "Жұбайлар-ай, жұбайлар!" лирикалық комедиясы өтеді.

9 наурыз күні сағат 18.30-да М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрында Нұрқанат Жақыпбайдың "Сұлу мен суретші" атты драмасы қойылады. Билеттер құны: 300-500 теңге. Байланыс телефондары: 87272923307, 2927393, 2924347.

9 наурыз күні сағат 18.30-да Республика Сарайында "Тамаша" ойын-сауық театрының жаңа концерттік бағдарламасы өтеді. Билеттер құны: 1500-8000 теңге.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: alash.ucoz.org, moldir-bulak.kz 

А. Әбілхан