Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / Маргарет Тэтчер: 8 наурызды қатты жақсы көрген әйел

Маргарет Тэтчер: 8 наурызды қатты жақсы көрген әйел

Маргарет Тэтчер: 8 наурызды қатты жақсы көрген әйел

«Мен басқаруға үлкен мақсатпен келдім: ағылшын қоғамын тәуелділік жағдайынан өз алдына жеке өндіріс елі қылып қалыптастыру; дәстүрге айналған «маған алып беріп жіберіңіз» сөзінен «бәрін өзіміз жасаймыз» сөзіне өзгерту.

Етікші Элфрид Робертстың ұлы жақсы өмір сүруге деген жалғыз тілегін асыға-аптыға күтіп жүреді. Бар-жоғы 20 жасында ол Орталық Англияның Линкольншир графтығына қарасты кішігірім қала болып саналатын Грэнтам елді-мекеніне қоныс аударады. Сонда дүкенге жалданып, күн өткізіп жүріп бір күні Беатрис Стефансонмен танысып, арты тойға ұласқан жарасамды жұп сол уақыттарда шіркеу тыйым салған барлық артық әдет-құлықтарды тыйып ұстап, оның ішінде шылым шекпей, темекі тартпай, тату-тәтті өмір сүріп жатады. Күнкөрістен қалған аз-маз ақшаның басын құрап, дүңгіршек сатып алып, жоғары қабатын өздеріне жатын жай етіп алады.

1921 жылы олардың отбасында Мюрель деген қыз бала дүниеге келеді. Араға төрт жылды салып барып, тағы бір баланың келуін күтеді. Бұл жолы ұл бала болар деп ойлайды. Бірақ 1925 жылдың 13 қазан күні тағы бір қыз бала дүние есігін ашады. Есімін «Маргарет» қояды.

Элфрид орта мектепті бітіре алмағанына қарамастан, өз бетімен еңбектеніп, түртініп жүретін. Оның ашық көзқарасы, терең білімі, асқан мейірбандығы кейіндеу барып бүкіл қаланың ыстық ықыласына бөленіп, нәтижесінде 1943 жылы қала халқы Элфридті мэр қылып сайлайды. Шет аймақ тұрғыны үшін бұл үлкен жетістік еді.

Көреген әке үлкенінен гөрі кіші қыздың зеректігін, алғырлығын есепке ала отырып, көп үміттене бастайды. Содан бастап тентек қызға бар білім-қажырын жұмсап, күні-түні білгенін үйретуді қолға алады.

Қызының жауынгер болып өскенін қалаған әке ерте жастан бастап қаталдау болады. Сүйек қатпаған кездің өзінде бірнеше сөздерді айтпауын талап етеді: «менің қолымнан келмейді», не болмаса «маған бұл ауыр ғой». Элфрид өз қызын шектен тыс сүйгені соншалықты, қызы да үлкен махаббатқа сүйіспеншілікпен жауап қайтаруға тырысқан. 

Маргарет бала кезден өз қатарластарынан оқ бойы оқшауланып тұратын. Қатарластары секілді кинотеатрларға бармайтын, қатарластары секілді би сабақтарын үйренбейтін. Оның орнына үнемділікті жақсы көретін: әкесі түскі асқа берген ақшаны жаратпай, сол күйі сақтап, банктегі есепшотына аударатын.

Элфрид Робертс екі қызына да жақсы білім керектігін жете түсінген жан еді. Сол үшін де қыздарды қаладағы ең үздік мектепте оқытатын. Отбасына жылдық төлемақысы 12 фунт стерлиг болатын мектеп ақысы сол кездерде ауыр-ақ тиетін.

Маргарет сабақта үздік болмаса да, жақсы оқитын. Қарапайым әрі таза киініп, қатарластарының көпшілігімен қарым-қатынас ұстамауға тырысатын.

Кітаптағыдай өмір сүргісі келіп, өзіне шектен тыс жоғары талаптарды қоятын.  Бос уақытын классикалық музыканы үйренуге жұмсап, сыныптастарына бір мезет көз тастай отырып, үлгілі отбасылардың балалары ұстанған өмір жолын үлгі тұтатын. Содан да болар уақыт өте келе «Герцогиня» деген атақ алып, көпшіліктің назарына ілінеді. Өз кезегінде мұндай ат ол уақыттарда екінің біріне беріле бермейтін.

1943 жылы, екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр жылдарында мектеп бітіреді.

Ұстазы Маргареттің орта деңгейлі оқу орындарының біріне барып, түскенін қалайды. Алайда, бойжеткен қыздың арманы әрі де жатқан еді. Сол уақытта қалың ақсүйектердің университеті саналатын Оксфорд жоғары оқу орнына іштей таңдау жасады.

Қатарластары секілді Маргарет те заң факультетінде оқығысы келеді. Бірақ, ондағы талас кішкентай қаладан шыққан қыздың біліміне дес бермейтін. Сонда да Ұлы Британияның жоғары элитасының тең жартысы оқитын жерден алшақтамауға бел буады. Ұзақ ойлана келе, ақыры химия факультетін таңдайды. Ол үшін қыз балағы латын тілін үйренуге тура келеді. Мектеп партасында еш оқытылмаған тілді бірнеше айдың ішінде үйреніп алып, ақыры сынақтан өтті.

Маргетке сынақтан өтуге бірнеше балл ғана жетпей қалады. Содан не керек, бүкіл үміті аяқ асты болған қызға күтпеген жерден керемет жағдай тап болды. Өмірінің одан кейінгі ағысында да кереметтер жолығысады...

1943 жылдың қазан айында Оксфордтың бірнеше студенттері өз беттерімен майдан даласына аттанады. Солардың ішінде химия факультетінің бір жігіті болады. Бос қалған орынға университет басшылығы Маргаретті шақыртады. 

 

сурет:silver-fancy.livejournal.com 

Дайындаған:Фараби Арыстанбек

1840 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 08 наурыз 2013, 19:01
Пікірлер
+0
08 наурыз 2013, 20:26

Мықты адам, бір өзін талғамы биік, арманы асқар қазақ халқы ұлықтап жатқанын біле ме екен

+0
08 наурыз 2013, 20:47

Мықты әйел маған ұнайды

+0
08 наурыз 2013, 22:00

МЫҚТЫ МЫҚТЫ мағанда ұнады :!: өмірге деген көзқарасы ерекше екен)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...