8 наурыз. Ана туралы мақал-мәтелдер

8 наурыз. Ана туралы мақал-мәтелдер

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аяулы аналарымыз туралы айтылған мақал-мәтелдерді топтастыруды жөн көрдік. Ендеше, бағзы заманнан бүгінге дейін мағынасын бұзбай жеткен ата сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

***

Ананы сыйламаған, ел қамын ойламаған.

***

Ақ шашты ана: 
«Жастығым — балам» дейді. 
Ақылды бала: 
«Ай-күнім — анам» дейді.

***

Ана - барлық көркемділіктің үлгісі.

***

Ата - арым, ана - дәрім.

***

Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.

***

Анасыз үй - көңілсіз күй.

***

Анасы бардың панасы бар,
Анасы жоқтың көз жасы бар.

***

Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер.

***

Ана ақылы ант, сөзі бал.

***

Ана ақылшы, ата үкімшіл.

***

Әке ақылы - бұлақ, Ана ақылы - шырақ, Аға ақылы - көмек, Іні ақылы - демеу.

***

Ата-анам бар болсын, 
Аузы-мұрыны жоқ болсын. 

***

Анадан артық дос бар ма? 
Ашудан жаман қас бар ма? 
Жиырма бестен жақсы жас бар ма? 
Қымыздан тәтті ас бар ма? 

***

Ата-ананың қарызы, 
Ұрпақтың өмірлік парызы. 

***

Жалғыз баласы атқа шапса, 
Атасы ауылда тұрып 
Тақымын қысады. 

***

Ана жақсылығын, 
Ауырсаң білерсің. 
Қайын жақсылығын, 
Қыдырсаң білерсің.

***

Ана алдында — құрмет, 
Ата алдында — қызмет.

***

Ағайын — алтау, 
Ана — біреу. 

***

Ана алақанының аясы –
Ақ шынардың саясы. 

***

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

***

Ананың сүті—бал, 
Баланың тілі — бал.

***

Анаңа ауыр сөз айтпа! 
Атыңа ауыр жүк артпа! 

***

Ана сүтін ақтамағанды 
ешкім мақтамайды. 

***

Балапанды торғайлар 
Өрт болмасын тілейді. 
Балаларға аналар 
Дерт қонбасын тілейді. 

***

Баласыз ана — гүлсіз алма.

Сурет: ustazim.kz

Ш. Талап