8 наурыз. Мерекелік дастарханға қандай тағамдар әзірлейміз?

8 наурыз. Мерекелік дастарханға қандай тағамдар әзірлейміз?

Әдетте бойжеткендер мен қамқор аналарымыз 8 наурызға арналған мерекелік дастарханға бар дәмдісін ұсынады. Бұдан өзге жігіттер де ас үйде өз өнерлерін көрсетеді. Тоңазытқыштағы азық-түліктерден түрлі тағам мен бауырсақ жасап, дастарханда бос орын қалдырмауға тырысады.

Ас мәзірін үйде дайындау арқылы ақшаңызды үнемдейсіз, әрі барлығын өз қалауыңызша жасауыңызға болады. Ең бастысы, отбасының әр мүшесінің талғамынан шыға аласыз.

Ең алдымен, қандай ас дайындайтынымызды шешіп алғанымыз жөн. Әдетте қонақ шақырар болсақ, ет асамыз. Оның қамырын қолдан жайып, тұздығын жасауды ұмытпаймыз. 

Ең дәмді тағамдардың бірі - қуырдақ. Оны сүрленген ет пен Нарынқолдың картобынан дайындауға болады. Сол кезде дәмі тіл үйіреді. 

Палау - күнделікті дайындалатын асымыз десек те болады. Ол кез келген дастарханның ажарын кіргізеді. 

Мұнымен қатар, шоколад секілді тәтті тағамдарды да ұмытпағанымыз жөн. Шоколадты астан кейін шаймен бірге ұсынуға болады. 

Ал тәтті тағамдар балалардың талғамынан шығады. Оларды үй жағдайында дайындау көп уақытты алатындықтан, арнайы тапсырыс беруге болады. 

Түрлі қоспасы бар тағамдарды салаттармен қатар қойған жөн. 

Бұдан өзге мереке екенін білдіру мақсатында суреттегідей гүл шоғын жасауға болады. 

Сүйіктілерімізді дәл осындай гүл пішінінде жасалған таңғы аспен қуанта аламыз.

Қай мейрамда да дастарханнан табылатын "оливье" салаты артық етпейді. Егер бір ерекшелік болғанын қаласаңыз, оны суреттегідей пішінде әзірлеуіңізге болады. 

Кез келген құрамдағы салатты 8 санының пішінінде жасау арқылы дастарханымызды ажарландыра түсеміз. 

Аяулы қыздар, келе жатқан мейрамдарыңыз құтты болсын! Дастархандарыңыз тек қуанышқа жайылсын!

Сурет: aspazdik.hordpress.com, almatylife.kz, el.kz, rudaki.ru 

Қ. Бүйенбай