8 наурыз. SMS құттықтаулар

8 наурыз. SMS құттықтаулар

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мерекесі келіп жетті. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады. Бірақ кейде бетінен сүйіп, гүл шоғын ұсынатын мүмкіндігіміз болмайды. Осындайда SMS құттықтаулар да махаббатыңызды жеткізе алады.

- Тілеуімді тілеп, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым сізді мерекеңізбен құттықтаймын. Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз! 

- Әже, мерекеңізбен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық тілеймін. Немерелеріңіздің қызығы мен қуанышына тоймай, жүз жасаңыз. 

- Асыл анашым! Келіп жеткен 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын! Сізге денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Жүзіңізден күлкі кетпесін. Мен сізді жақсы көремін! 

- Аяулы анам, сізді келіп жеткен мерекеңізбен құттықтаймын! Сіз мен үшін қашан да сыйлысыз, қадірлісіз. Асқаралы атағыңыз бен берекелі беделіңіз өсе берсін асыл анам! Бастысы – денсаулығыңыз зор болсын! 

- Аяулы, сүйікті, қамқоршым – асыл Анам! Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін! 

- Құрметті әпке (апа)! Сізді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыңа береке-бірлік, еңбегіңізге табыс тілеймін. Сізді жақсы көремін! 

- Ардақты әпке (апа)! Мерекеңіз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, толағай табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін.

- Қарындасым, 8 наурыз мерекеңмен құттықтаймын! Гүлдей жайнаған жүзіңнен күлкі кетпесін. Денсаулығың зор болсын, мейірімің мол болсын! Бақытты бол! 

- Асыл жарым! 8 наурыз мерекеңмен құттықтаймын! Қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңнен нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре бер! Денсаулығың зор болсын. Сенің қуанышың – менің бақытым екенін ұмытпағайсың. Сүйдім. 

- Жан жарым, мерекең құтты болсын! Саған адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін! Бақытты болайық! 

- Сүйіктім, 8 наурыз мерекесімен  құттықтаймын! Саған мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара бер! 

- Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Ай мен Күн бар. Ал өзіңсіз менің жүрегім – жетім. Бүгінгі келіп жеткен мерекең – өз сыңарын іздеген «жетім» жүрек бақытының бастауы болса екен! Мерекең құтты болсын!

Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсіл бар. Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету - парызымыз. Барша әйелдер қауымын әлемді нұрландырған мерекесімен құттықтаймыз.

Сурет: өңделген

Оқи отырыңыз

Аруларға қандай сыйлық лайық?

8 наурыз. Мерекелік шаш өрімі

8 наурыз. "Әйел бақыты" дегеніміз не? (Видео)

Ө. Сансызбай