"Жасыл" сутегі: Қазақстан ірі экспорттаушылардың ондығына кіруі мүмкін бе?

"Жасыл" сутегі: Қазақстан ірі экспорттаушылардың ондығына кіруі мүмкін бе?
Фото: energyline.com

Кейінгі бірнеше жылда сутекті таза энергия көзі ретінде пайдалану әлемде танымал бола бастады. Жаңартылатын энергияның халықаралық агенттігінің (IRENA) болжамынша, 2050 жылға қарай сутегі жалпы әлемдік энергия тұтынудың 12 пайызын өтей алады. Елімізде де жаңартылған энергияның бала көзін табу, таза отынға көшу бойынша бірқатар жобалар іске асып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы Абу-Даби тұрақты даму апталығының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстанда жаңартылатын және баламалы энергетиканың дамуы туралы айтқан болатын.

© akorda.kz

"Желдің тұруы мен күн сәулесінің көптігі, сондай-ақ еліміздің кең-байтақ аумағы Қазақстанды осы сектордағы көшбасшыға айналдыра алады, жаһандық климатты қорғау жөніндегі күш-жігерге өз үлесін қосады. Осыған байланысты біз нормативтік-құқықтық базаны жетілдіреміз, ең көп мүмкіндіктер жасаймыз. Жалпы, біздің жоспарымыз бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда 6,5 ГВт жаңартылатын энергия ресурстары енгізілетін болады. Тағы бір перспективалы бағыт – жасыл сутегі. Халықаралық сарапшылар біздің еліміз сутегіні ірі экспорттаушы он елдің қатарына кіре алады деп есептейді», - деді самитте Мемлекет басшысы.

"Жасыл" сутегі мұнайдың орнын баса ма?

Алдымен сутегінің түрлеріне тоқталып өтейік. Сутегі – қоңыр, сұр, көк, жасыл болып бөлінеді.

Қоңыр сутегі  алу үшін шикізат ретінде қоңыр көмір қолданылады. Одан әрі қоңыр көмірді газдандырудың көмегімен синтездік газ (сингаз) түзіледі: көмірқышқыл газы (СО2), көміртек оксиді (СО), сутегі, метан және этилен, сондай-ақ аздаған басқа газдар қоспасы болады.

Сұр сутегі дегеніміз – сутегі отынының «ең лас» түрі, өйткені қазба отындары энергияның негізгі көзі ретінде пайдаланады. Бұл үшін ең көп қолданылатыны - көмір. Қазба отынды пайдалану көмірқышқыл газының бөлінуін білдіреді. Сондықтан оны "қара" сутегі деп те атайды.

Көк сутегі дегеніміз – метанның бумен риформингі нәтижесінде өндірілетін сутегі, бірақ көміртекті ұстауға және сақтауға жатады, нәтижесінде көміртегі шығарындылары шамамен екі есе азаяды. Сутегін өндірудің бұл түрі өте қымбат.

Жасыл сутегі – "жасыл" сутегі суды электролиздеу (электр тогы арқылы қыздыру) арқылы алынады. Оның басты артықшылығы атмосфераға көмірқышқыл газының (СО2) минималды антропогендік (адам әсерінен) шығарындыларында жатыр. Сутегінің өзі ең таза отын саналады.

Жасыл сутегіні ғалымдар болашақта мұнай, газ және көмір сияқты дәстүрлі энергия көздерін алмастыра алады деп есептейді.

Сутегі энергиясының мәні неде?

Сутегі энергиясы сутекті энергияны зарядтау, тасымалдау, өндіру және тұтыну құралы ретінде пайдалануға негізделген энергия саласы. Оны қолдану мүмкіндігі жоғары. Көлікті электрлендіру шығарындыларды азайтуға көмектеседі, бірақ ұзақ мерзімді авиация, кеме және жүк көлігін электр энергиясына айналдыру қиын, өйткені бұл секторлар энергия тығыздығы жоғары отынды қажет етеді.

Сутегі энергиясы не үшін қажет?

Сутегі энергияны жинақтау, сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылады және бүгінде климатқа антропогендік әсерді минимумға дейін төмендететін төмен көміртекті және көміртексіз экономиканы дамыту үшін перспективалы энергия тасымалдаушысы ретінде қарастырылады.

Жаңартылатын энергияға негізделген электролиз су молекулаларын сутегі мен оттегіге бөледі, сутекті отын ретінде пайдалану үшін ұстап алады және сақтайды. "Жасыл" сутегі 7/100 режимінде 24% жаңартылатын электр энергиясына көшу кезінде желі тұрақтылығы үшін өте маңызды. Электр желісі электр энергиясына сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін талап ететін көп өлшемді жүйе саналады.

© energyline.com

Қазақстанда "жасыл" сутегі қай жерде өндіріледі?

Еліміз болашақта, нақтырақ айтсақ 2060 жылға қарай сутегіні пайдалану басты орын алатын ел ретінде болмақшы. Мемлекет басшысы осыдан бір жыл бұрын тиісті министрлікке сутегі энергиясына басымдық беруді тапсырған болатын. Тоқаев бұл жас салаға инвестиция тарту қажеттігін айта келе, бұдан бөлек, еліміздегі сутегі саласының дамуын жеке бақылайтынын қадап айтты. Дегенмен, мұндай салмақты өндірісті салып, іске қосу бірнеше жылды қажет етеді.

Мысалы, былтыр Svevind Energy GmbH компаниясымен жасыл энергетиканы дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.

Ол бойынша Маңғыстау облысында күн мен желден алынатын 30 ГВт энергия есебінен жасыл сутегін өндіретін зауыт салу және пайдалану қарастырылған. Жаңғыртылатын энергия зауыты электролизерлердің көмегімен жылына 2 миллион тоннаға дейін жасыл сутегін шығарады деп жоспарлайды. Өндірілетін сутегінің бір бөлігін Еуропа мен Қытайға жөнелту, бір бөлігін Қазақстанда шикізат ретінде өнеркәсіптің әртүрлі салаларында одан әрі пайдалану үшін жасыл аммиакқа қайта өңдеу қарастырылған. Компанияның Қазақстанда сутегі мен аммиак өндіруі 10 жыл ішінде жолға қойылады.

Демек, елімізде таза отын өндіруші әлемдік 10 елдің қатарына кіруге толық мүмкіндігі бар.

Т. Раушанұлы