Құрлық әскерлері Әскери институтының лейтенанттары дипломын алды

Алматы қаласында "Сағадат Нұрмағамбетов" атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының лейтенанттарын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Массагет порталы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметін, әскери кәсіпті танымал ету және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында аталмыш шараның басы-қасында болып қайтты.

Дипломдарын қолға алған 350 жас офицер Қарулы Күштердің қатарын толықтырды. Бітірушілердің қатарында – он бір Тәжікстан елінің өкілі мен Қырғызстанның жеті азаматы бар. Жоғары оқу орны Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп даярлайтын оқу орындарының тізіміне енгізілген.

Құрлық әскерлерінің әскери оқу орны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер  үшін офицер кадрлар даярлайды. Оқу алты мамандық пен он бір біліктілік негізінде жүргізіледі.

Олар:

- тактикалық мотоатқыш әскерлерінің командалық құрамы;

- командалық-тактикалық десанттық әскерлер және әскери барлау;

- Тактикалық тактикалық әскерлерді басқару;

- командалық тактикалық артиллерия;

- командалық тактикалық автомобиль әскерлері;

- командалық-тактикалық тамақпен қамтамасыз ету;

- командалық-тактикалық киімді қолдау;

- сұйық отынмен командалық-тактикалық қамтамасыз ету;

- бронды қару-жарақ пен техника;

- командалық-тактикалық инженерлік әскерлер;

- Әскерлерді тактикалық зымырандық және артиллериялық қолдау.

Осы жылы институт алғаш рет "Әскери істегі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс" мамандығы бойынша оқыған он бір офицер даярлады.

Шара алдымен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұйрығын оқып берумен басталды. Оны құрлық әскерлерінің әскери институты бастығының бірінші орынбасары полковник Тілебалдин Расул Қайыркелдіұлы оқып берді.

"Бітіруші 332 офицерге "әскери қызмет және әскери қызметтің мәртебесі" заңы бойынша 20-37-40 баптарына сәйкес лейтенат әскери атағы берілсін. Офицер құрамына әскери қызмет туралы келісімшарт жасалсын. 59 адам мотоатқыш бөлімшелерін басқару, 25 адам – танк бөлімшелерін басқару, 44 адам – десанттық шаюуыл бөлімшелерін басқару, 19 адам барлау бөлімшелерін басқару, 79 адам – зымыран және артеллери бөлімшелерін басқару, 11 адам –материалдық-техникалық қамтамасыз ету, 35 адам – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, 27 адам –  инженерлік қамтамасыз ету, 11 адам – РКБК, экология және ортаны қорғау", - делінген министр бұйрығында.

Содан кейін Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің аспирантура және докторантура бөлімінің бастығы  Ибрагимова Турсунай Галбаевна түлектерге сәттілік тіледі.

"Әрбір оқу орнының алға қойған мақсаты білім алушыларды толық біліммен қамтамасыз етіп, мамандарды даярлау. Бүгін "Сағадат Нұрмағамбетов" атындағы әскери институт осы мақсатын жүзеге асырып 2021 жылғы бітіруші түлектерін қмір көгіне ұшырып жатыр екен. Бір туған қырғыз елінде «ер жігіт ел шетінде, жау бетінде» бекер айтылмаса керек. Бүгін екі елдің азаматтары қолдарына дипломын алып, отанына қызмет қылуға аттанып жатыр. Құрметті бітірушілер! Мен Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің атынан, ректор және өзімнің атымнан құттықтаймын!" - деді Ибрагимова Турсунай.

Тәжікістан Республикасының қорғаныс министрі лейтенант шенін беру туралы бұйрығын еліміздегі Тәжікістан республикасының әскери хатшысы генерал-майор Рахимзода Фузил Файзы оқып берді.

"Бүгін жас офицерлер өз достарының арасында тұрып өз шенін, дипломын алады. Мен осы сәтті пайдаланып барлық бітіршілерді құттықтаймын. Олар болашақта еліне қызмет ететін үлкен маманға айналады. Және осы оқу орнының ұстаздарына да үлкен алғысымды білдіремін", - деді генерал-майор.

Осыдан соң жауынгерлік ту ұстаушы топ ортасына келді. Ту ортаға келгесін дипломдарды табыс ету басталды.

Дипломдарын қолына алған түлектер алаң ортасын саппен тәрк етті.

Массагет порталының тілшісі жас офицерлердің болашақтағы жоспарын білу үшін аз-кем тілдесті.

"Осы қуанышты бізбен бірге бөлісуге келген баршаңызға рахмет айтамын. Болшақта әскер қатарында жақсы жағынан өзімізді көрсетіп, еліміздің беделді офицері болуға, жақсы маман болуға тырысамын. Осы оқу орынының бізге білім берген ұстаздарына барша түлектер атынан алғыс білдіремін. Алдағы болашақта Қазақстан Республикасына қызмет етіп, отанның, ата-ананың алдындағы борышымды өтеймін. Болашақта құрлық әскерлерінің әскери институтын жақсы жағынан көрсетуге тырысамын", - дейді лейтенант, тәрбиеші мамандығы бойынша түлек Маманов Жанатбек Тынышбекұлы.

Жас лейтенант Аманжол Бақдаулетұлы бүгінгі әсерімен бөлісіп, ұстаздарына алғыс білдірді.

 "Бүгін міне біздің оқу орнында бітіру кеші өтіп жатыр. Жас лейтенанттар дипломы мен төсбелгісін алуда. Өте әсерлі сезімдеміз. Бізді 4 жыл оқытқан, мұғалімдерге, офицерлерге бағыт бағдар берген, білім нәрімен сусындатқан адамдарға рахметімізді айтамыз. Олардың отбасына береке, өздеріне денсаулық тілеймін. Болашақта ел абырйын ақтап, жақсы маман болуға тырысамыз. Осы институттың тегіне кір келтірмейміз деген сенімдеміз", - дейді жас офицер.

Подполковник Дарбишев Мырзағали Вахабұлы құрлық әскерлерінің әскери интитутының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары бүгінгі жас түлектерге сәттілік тіледі.

"Бүгін бізде "Сағадат Нұрмағамбетов" атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында жас түлектерді алғашқы шен алу шарасы өтті. Жас түлектерге тек тілейтінім денсаулық, жақсылық. Қазақстан Республикасының қорғаныс күшіне өз үлесін қоса берсін. Еліміздің қорғаныс күшін нығайта берсін. Болашақта қарулы күштерімізді басқаратын осы жас түлектер", - деді құрлық әскерлерінің әскери интитутының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары.

Барлық бітіруші жас офицерлер атынан сөз алған лейтенант Жасұлан Төрехан бүгінгі түлектердің айтулы сәтімен құттықтап, оларға болашақтағы қызметтері үшін сәттілік тіледі. Ал, барлық бітіруші ата-аналар атынан сөйлеген Кермұхаммедова Балжан жас түлектерді 4 жыл оқытқан "Сағадат Нұрмағамбетов" атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының ұстаздарына, профессорларына барлық ата-аналар атынан алғысын білдірді.

Шара барысында қылмыстық топты қалай құрықтау туралы жаттығу көрсетілді.

Алдымен арнайы жасақ қылмыстық топ келе жатқан көлік алдына мина қойды

Бұл кезде арнайы жасақ пулеметшісі айналаны бақылап тұрды

Мина жарылып, арнайы жасақ қылмыстық топты құрықтау әркетін жүзеге асырды

Кейін тірі қалған қылмыстық топ мүщелерін арнайы бротехника көлігімен алып кетті

Шара түлектердің жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі және дәстүрлі офицерлік вальспен аяқталды. Онда жас офицерлер болашақ жарларын биге шақырды.

Айта кетейік, аталмыш білім ордасында болашақ офицерлердің әскери мамандықтарды меңгеруіне барлық жағдай жасалған. Институтта толыққанды оқу-материалдық база бар. Заманауи зертханалармен, дәріс беру аудиторияларымен жабдықталған. Тәжірибелік сабақтар өткізу кезінде далалық оқу-жаттығу орталығы қолданылады.

Жоғары оқу орны бүгінгі күнге дейін 18 мыңнан астам офицер дайындады. Олар қазіргі уақытта Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы Күштерінде қызмет етуде. Көптеген түлектер ірі әскери бірлестіктер мен құралымдарда басшылық етіп, жоғары әскери атақтарға, үкіметтік марапаттарға ие болды. Мысалы, биылғы түлектер арасынан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша Лейтенант Баратов Бақытжан "ІІ дәрежелі ел қорғаны" медалімен наградталған.

Институт өз тарихы 1970 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысы негізінде құрылған Алма-Ата жоғары қарулы командалық училищесінен басталады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 3353 Жарлығымен оқу орны И.С.Конев атындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 ақпандағы No815 Жарлығымен әскери академия құрамынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Алматы жоғары әскери мектебі бөлінді.