Әскери полиция – тәртіп пен бекем бірлік айнасы

Әскери полиция – тәртіп пен бекем бірлік айнасы

1997 жылы 22 сәуір күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бұрынғы Кеңес елдері арасында алғаш болып Қазақстанда Әскери полиция органы құрылды. Содан бері "22 сәуір – әскери полияция күні" ретінде атап өтіліп келеді. Массагет порталы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметін, әскери кәсіпті танымал ету, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында Әскери полиция қызметкерлері жайлы толық баяндайды.

Еліміз алғаш болып бұрынғы Кеңес елдері арасында Қарулы Күштерде тәртіпті қамтамасыз ететін жауапты құқық қорғау органы – Әскери полицияны құрды. Жедел түрде оның ережелері мен міндеттері бекітілді. Алғашқы кезде әскери полицияның міндеті Қарулы күштер арасындағы қылмысты анықтау, әскери қызметшілерді іздестіру болды. Қазіргі күнде әскери полияция заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, әскери қызметтің қауіпсіздігі, жедел іздестіру, жол қозғалысын қамтамасыз ету міндеттерімен айналысады. Олардың арсеналында жылжымалы бекеттер, жылжитын объектілерді арақашықтықтан мониторингтеу кешендері, қашықтықты өлшейтін лазерлік өлшеуіштер, бейнетіркеуіштер мен тексеру эндоскоптары бар.

2005 жылы 21 ақпанда "Әскери полиция органдары туралы" заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес алғаш рет әскери полицияның міндеттері мен атқаратын қызметі айқындалды. Ал өткен жылы әскери полицияның өкілеттілігін кеңейтуге арналған заң жобасы ұсынылды.

Бұл құқық қорғау бөлімінің жеке құрамындағы әскерилер заманауи қару-жарақпен қаруланып, шұғыл жағдайда заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою үшін арнайы жекпе-жек техникасын меңгерген. Тағы бір айта кетерлігі, әскери полицияда кинологтың құрылуының да маңызы зор болды. Қазіргі күнде осы бөлімнің кинологтары халықаралық бірнеше сайыста жүлдеге ие болып келеді.

Әскери полиция органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, жариялылық, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерiне құрылған.

Әскери полицияның тағы бір маңызды қызметі – сыбайлас жемқорлықпен күресу. 2019 жылы осы бағытта құқық қорғау органында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құрылды.

Қалай әскери полиция қызметкері атануға болады?

Әскери полицияға келісімшарт бойынша азаматтарды әскери қызметке іріктеу және қабылдау әскери қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Азаматтар әскери полициямен келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде олар келесі талаптарға сай болуы керек:

- Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
- кем дегенде он тоғыз жаста болуы керек;
- орта білімнен төмен емес білімі болуы;
- денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамды болуы;
- дене шынықтыру жаттығуларын орындауы;
- әскери-техникалық мамандар даярлау үшiн мiндеттi әскери қызмет өткеру немесе әскери кафедрада оқудан өту немесе Қорғаныс министрлiгiнiң мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуі керек.

Азаматтар тұрғылықты жерімен байланысқан кезде әскери полиция органының бастығы:

- келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау туралы өтініш білдірген адамдардың өтініштерін қарайды;
- кандидатты әңгімелеседі және зерттейді;
- "Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы" әуе қорғаныс зымыран жүйесінің талаптарын жеткізеді;
- тұрғылықты жері бойынша алдын-ала медициналық тексеруге жібереді;
- Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы тексеру жүргізеді (әскери қарсы барлау органы, салық комитеті, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, әкімшілік практика, ал кейбір жағдайларда психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдану арқылы тексеру).

Қазақстан Республикасының "Әскери полиция органдары туралы" Заңына сәйкес, әскери полиция құрамына алғаш әскери қызметке келген азаматтар әскери полицияның оқу орталығында бір ай оқудан өтеді. Бұл келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын әскери полиция органындағы сынақ мерзімі.

Әскери полиция қызметкері атанатын азамат ең алдымен өз елінің нағыз патриоты, Отанға адал қызмет етіп, әскери антқа адал болуы керек. Әскери полиция қызметкері қызметте де, күнделікті өмірде де жоғары әдептілік пен тәртіптің үлгісін көрсетеді. Кез келген заңсыздыққа қарсы тұруы және оның кез келген түрімен күресуі керек, - дейді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция Бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полковник Ерік Бәкірбаев.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының жерін әскери полициясыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі пандемия, карантин шаралары уақытында әскери полиция өкілдері Қарулы Күштердің басқа жауынгерлерімен бірігіп, еліміздегі қоғамдық тәптіпті қадағалауда өз үлесін қосып келе жатыр.

Т. Раушанұлы